Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:40, 28 Мамыр 2024

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдеріне қатысты тергеу аяқталды

а
Фото: из открытых источников

Антикор ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовке, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады.

Олар 40 миллион теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады. Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікті. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады, делінген хабарламада.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралуда. 

Фото: pro кадры kz

Тегтер: