Трамп футболдан әлем чемпионатының АҚШ-қа қанша пайда әкелгенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты ел экономикасына 18 млрд доллардан астам пайда әкелгенін мәлімдеді.Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтты.
Трамптың сөзінше, турнирді өткізу нәтижесінде АҚШ-та 160 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.
«Бір ғана футболдан әлем чемпионаты экономикамызға 18 миллиард доллардан астам қаражат әкеліп, 160 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды», – деп жазды АҚШ президенті.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Турнир тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысқан жарыс ретінде ерекшеленді.