Live

Трамп Путинмен телефон арқылы екі сағаттан астам уақыт сөйлесті

АҚШ пен Ресей президенттерінің өзара әңгімесі Украинада 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келу талпыныстары аясында болған.

Трамп пен Путин

АҚШ президенті Дональд Трамп  Ресей президенті Путинмен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Ақ үй өкіліне сілтеме жасап NBC News хабарлады. Әңгіме екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Трамп-Путин әңгімесі АҚШ-тың Украинада 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келу әрекеті аясында өтті. Осы уақыт ішінде ұзақ мерзімді бітімгершілік келісімін үйлестіру жоспарлануда. Киев бітімгершілік ұсынысын қабылдады. Енді Вашингтон Мәскеудің жауабын күтіп отыр.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та ТАСС агенттігіне телефон арқылы сөйлесудің болғанын растады.

Бұл Дональд Трамп Ақ үйге оралғаннан бері екі ел басшыларының екінші телефон арқылы сөйлесуі. Олар бірінші рет 12 ақпанда  бір жарым сағат сөйлескен. Осы диалогтың нәтижесінде президенттер Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөздерді дереу бастауға келісті.

Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Трамп пен Путин арасында телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеген. 

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз