Тұрғымбаев полицейлерді міндетті вакцинациялау тізіміне қосуды сұрады
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусқа қарсы вакцинациялауға жататын тәуекел тобына полицейлерді қосуды сұрады.
«Полиция қызметкерлері де тәуекел тобы болғандықтан, оларды осы тізімге қосуға бола ма? Олар да дәрігерлер сияқты қашықтан жұмыс істемейді, медицина мекемелерінің маңында жүреді», – деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.