Әлеумет

Тұрғын үй саласын жақсартуға әкімдіктер де күш салу керек

Қазақстан Республикасы бойынша 12 мыңнан астам жылу желісі бар, тең жартысы тозған.

Тұрғын үй саласын жақсартуға әкімдіктер де күш салу керек
Сумен жабдықтап тұрған 73 мыңға жуық желі бар, тозу көрсеткіші – 45 пайыз. 15 мыңға жуық кәріз желілері бар, тозғаны – 61 пайыз.«Жас Алаш» порталына сұхбат берген Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әзімбек Нәлібаев ТКШ саласындағы осы және өзге де проблемаларды атап, оларды шешудің жолдарымен таныстырды.— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына зор көңіл бөлінген бағдарламалардың бірі «Нұрлы жол». Әңгімемізді осы құжаттың нәтижелерінен бастасақ.— Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын жақсырту үшін 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын білесіздер. Бағдарлама аясында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бағыттарында үлкен жұмыстар жүргізілді. Бұл бағдарламаның басты индикаторы – желілердің тозу көрсеткіші. 2015 жылы жылу су және су бұру желілерінің орташа тозу деңгейі еліміз бойынша 65 пайызды көрсеткен. Ал, 2018 жылдың қорытындысы бойынша тозу деңгейін 57 пайызға дейін төмендетеміз деген жоспар бар. 2019 жылы бұл көрсеткішті 53 пайыз деңгейіне дейін жақсарту жоспарланған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты да осы. 2015-2018 жылдар аралығында 383 инвестициялық жобаны іске қостық. Жалпы, бұл жобаларға республикалық бюджеттен 230 млрд. теңге қарастырылған. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін тарту үшін осы бағдарлама арқылы 3500 желі, 25 қазандық, өзге 75 нысан жаңғыртудан өткізілуі керек. Қазір осы бағдарлама аясында 2982 шақырым желі, яғни, жылу мен су өткізетін желілер, 24 қазандық қайта жаңғыртылды. Биыл осы бағдарлама бойынша 56 жобаға мемлекеттік бюджеттен 34,4 млрд. теңге қарастырылған. 2018 жылы қаралған қаражатқа 264 шақырымға жуық желілер қайта жаңғыртылуы қажет. Қаржының игерілуі – 24 млрд. теңгенің үстінде. 24 млрд. деп отырғанымыз – табиғи монополия субьектілері игерген қаражат көрсеткіші.Жалпы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының екі қаржыландырылу көзі бар. Біріншісі – кредиттік жүйе бойынша, екіншісі – субсидиялау бойынша. Кредиттік жүйе деп отырғанымыз – жергілікті әкімшіліктерге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 0,01 пайызбен 20 жылға несиеге беріледі. Ары қарай жергілікті әкімшілік өз өңіріндегі табиғи монополистерге 0,02 пайызбен қайта несиеге береді. Қаржыны бөлудің екінші механизмі – субсидиялау. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қаржы тарту үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен тығыз байланыс орнатып, жұмыс істеп жүрген табиғи монополия субъектілеріне біз субсидия береміз. Жалпы жобаның 50 пайыз құнын біз субсидияландырамыз, қалған 50 пайызын халықаралық қаржы ұйымынан алады. Халықаралық қаржы ұйымдарының арасынан бізбен тығыз байланыс орнатқаны – Еуропаның даму және қайта құру банкі. Аймақтарды айтатын болсақ, Петропвл, Павлодар, Шымкент, Қызылорда, Семей, Өскемен сияқты қалалар осы банкпен ынтымақтастық орнатып, жылу желілерінің жағдайын жақсартқан.  Бұл механизмнің басты мақсаты – халыққа тариф салмағын түсірмеу. Себебі, қалалардың табиғи монополистері 100 пайыз қарызбен жұмыс істесе, тарифті қымбаттатып жібереді.Жалпы, Қазақстан Республикасы бойынша 12 мыңнан астам жылу желісі бар, тең жартысы тозған. Сумен жабдықтап тұрған 73 мыңға жуық желі бар, тозу көрсеткіші – 45 пайыз. 15 мыңға жуық кәрі желілері бар, тозғаны – 61 пайыз.— Аймақтардағы жағдай қандай?— ТКШ желілері қатты тозған ең бірінші аймақ – Алматы облысы. Мұнда жылу желілерінің 60 пайызы, сумен жабдықтап тұрған желілердің 65 пайызы, кәрі құбырлардың 75 пайызы тозған. Екінші орында – Қарағанды облысы. Маңғыстау,  Павлодар, Алматы қалаларында да тозу деңгейі өте жоғары болып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы басты мақсатымыз – тозығы жеткен желілерді азайту.«Өңірлерді дамыту-2020» деген үкіметтік бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша да жылу, су желілерін жаңарту үшін қаржы қарастырылған. Бұл бағдарлама да септігін тигізіп жатыр деуге болады.— Осы аймақтардың әкімдіктері мәселені шешу үшін қандай шара қолданып жатыр?— Аймақ әкімдіктері бізбен тығыз жұмыс істейді. Бірақ, мемлекетке қол жайып отыра беруге, әрине, болмайды. Республикалық бюджеттен басқа, жергілікті бюджеттен де қаражат қарастыру керек. Біз құны 100 млн. теңгеге дейінгі жобаларды жергілікті бюджеттен қаржыландырмаймыз. Өйткені, бұл соманы жергілікті бюджет те бөле алады. Біз тек 100 млн. теңгеден көп ақша талап ететін жобаларға ақша бөле аламыз. Осындай ұстанынымыз бар. Жергілікті әкімдіктердің жылу-электр станциялары болады, өз аймақтарының табиғи монополистері бар, бес жылға бекіткен тарифтері бар. Яғни, өздерінің де кірісі бар ғой. Сондықтан, өз қаражаты есебінен де жұмыс істеуі керек. Шетелдік инвестор іздеп, халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеуі керек.— ТКШ саласында ақшаны үнемдеудің бірден бір жолы – жаңа инновацияларды енгізу. Қазақстан осы салаға қандай инновациялар енгізді? Енгізілген технологиялар үмітті ақтады ма?— Дұрыс айтасыз. Инновация мен жаңа технологияларды пайдалану үшін жүйелі жұмыс жүргізіп отырмыз. Биылдың өзінде Германияның Merus, Жапонияның Mitsui компанияларымен жұмыс бастадық. Жаңа инновациялардың тиімділігіне тоқтала өтейін. Мәселен, ұзындығы 100 шақырым желіні ауыстыру үшін шамамен 16 млрд.  теңге қаражат керек. Ал, егер шетелдік компаниялардың технологияларын пайдалансақ, мысалы, с компаниясының технологиясы осы шығынды 13 есеге азайтады екен. Және бұл компаниялардың технологияларының бағасы да бізге әлдеқайда тиімді болып отыр. Қазір ілкі жоба ретінде осы технологияларды пайдалану үшін бірнеше өңірді таңдадық.— Айтып отырған технологиялар қалай жұмыс істейді, қарапайып тілмен түсіндіріп беріңізші?— Mitsui компаниясы шығарған арнайы құрылғыны біз желіге, яғни, жылу не су, не кәріз құбырының ішіне салып жібереміз. Ол құбырды толық тазартып шығады. Егер бұл технологиялар біге экономикалық тиімділігін көрсете алса, болашақта осы компаниялармен жұмыс істейміз деген жоспар бар.— Ілкі жобаны жүзеге асыру үшін қаражат қажет болды ма?— Шетелдік компаниялармен ілкі жобаны жүзеге асыру үшін келісім-шарт жасалды және ілкі жоба қаражат талап етпеді. Өйткені, шетелдік компаниялар өздерін таныстыру үшін, яғни, жарнама үшін бізге тегін көрсетіп жатыр. Егер ұнаса, онда сатып алу туралы келісімшарт жасалады, құны да сол кезде белгілі болады.— Ілкі жоба қашан аяқталады деп күтіп отырсыздар?— Осы 2018 жылдың соңына дейін алғашқы нәтижелерін көрсету керек. Жалпы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының желілерін қайта жаңғырту үшін 2012 жылдан бері республикалық бюджеттен 656 млрд. теңге қарастырылыпты. Дегенмен, ТКШ желілерін жақсарту үшін әлі көп инвестиция керек.— Инвестиция, жалпы, қаржыны көп талап ететін сала екенін айттық. Дегенмен, бүкіл мәселені қаржы шешетін болса, онда проблеманың жартысы шешілер еді ғой. Сіздің ойыңызша, ТКШ саласының дамуына қаржыдан басқа не керек, не жетпейді? Мәселен, маман тапшылығы бар ма бұл бағытта?— Әрине, проблемалар көп, дамуына кедергі барьерлер бар. Біріншіден, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрландыру мәселесі өзекті болып отыр. Бұны Елбасы да айтқан, сондықтан, Президент тапсырмасына орай, ТКШ саласын цифрландырып жатырмыз. Қазір e-shanyrak деген интелектуалды-инновациялық жүйені іске қосқалы жатыр.Екіншіден, жылу мен судың нормативтік шығыны өте көп. Соларды бір ізге салып, дұрыстау керек.Үшіншіден, әрине, мамандар. Мемлекеттік қызметте, яғни, кеңседе отыратын мамандар жеткілікті деп ойлаймын. Ал, қара жұмысшылардың тапшылығы бар.— Сұхбатыңызға рақмет!Фото: islam.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз