Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап, көз жұмды
Түркістанда 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап кетіп, көз жұмды.Оқиға 13 тамыз күні сағат 19:18-де Жаңа қала шағынауданындағы 11 көшеде орналасқан 6/12 үйде болды.
Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. 1949 жылы туған зейнеткер Қ. Ахметова 3-қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр», – деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев.