Қоғам

Түркістан облысында 130 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған

Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту саласында 130 млн теңге бюджет қаражаты талан-таражға түскені анықталды.

а

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген, делінген хабарламада.

«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жауапты тұлғалары «2021-2025» жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған. 

Тергеу жалғасып жатқаны айтылды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз