Оқиғалар

Түркістан облысында 5 жасар қызды ит талап, ауыр жарақат алды

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында бес жастағы қыз баланы ит талап, ауыр жарақат алды.

Қаңғыбас иттер

Оқиға кезінде бүлдіршін аулада басқа балалармен бірге ойнап жүрген.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың бет тұсында терең жарақаттар бар. Оң көзінің астындағы тіндер зақымданып, сүйегі ашылып қалған.

Қыз балаға шұғыл операция жасалған. Алайда дәрігерлер жарақат салдарынан бетінде өмір бойы тыртық қалуы мүмкін екенін айтады. Алдағы уақытта оған пластикалық ота жасау жоспарланып отыр.

Қазір полиция иттің иесін анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті тұрғындар соңғы кездері өңірде иттердің адамдарға шабуыл жасау оқиғалары көбейгенін айтып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз