Саясат

ҰЭМ: Урбандалу – жаһандық процесс, одан Қазақстан тыс қала алмайды

Аймақтардың еңсесі көтерілмесе, тұтас елдің дамуына көп кедергі туады. Сондықтан, Қазақстан Үкіметі төрт жыл бұрын арнайы Өңірлік даму бағдарламасын қабылдаған еді.

ҰЭМ: Урбандалу – жаһандық процесс, одан Қазақстан тыс қала алмайды
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасының аяқталуына бір жарым жылдай уақыт қалды. «Жас Алаш» сайтына сұхбат берген Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаменті Өңірлік саясат және бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасының басшысы Бибігүл Түсіпова бұл бағдарламаға қатысты жаңалықтар мен нәтижелерді жария етті.-Бибігүл Қабылхаққызы, жалпы, бағдарлама басталғаннан бергі бөлінген және жұмсалған қаражат туралы айтып беріңізші? -Өңірлерді дамыту мақсатында 2014 жылы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламсы қабылданған болатын. Бұл бағдарламаға өңілерді дамыту, моноқалаларды дамыту, «Ақбұлақ», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту», «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламаларының ережелері, сондай-ақ, шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасы біріктірілген. Бағдарлама 2015 жылдан бастап іске асырылып келеді. Негізгі мақсаты -  бұл елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтық капиталды ынталандыру арқылы барлық өңірлердің әлеуметтік экономикалық дамыту үшін жағдай жасау. Бағдарлама 2014 жылы қабылданды, нақты іске асыра басталған жылы – 2015 жыл. 2019 жылы бұл бағдарлама аяқталады, бірақ, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес, тағы бес жылға ұзартылады. Яғни, Өңірлерді дамыту бағдарламасы 2025 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрады деген сөз.Бағдарламада төрт нысаналы индикатор, 12 нәтиже көрсеткіш және 100 іс-шараны жүзеге асыру көзделген. 2015-2017 жылдардың аралығында осы бағарламаны іске асыруға 1,2 трлн теңге жұмсалған болатын. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 429,5 млрд теңге бөлінген. Игерілуі – 1,17 трлн теңге немесе 99,1 пайыды құрап отыр. Осы жылға, яғни, 2018 жылға республикалық бюдежттен 132,7 млрд теңге бөлінді.-Сіз жаңа төрт мақсатты индикатор туралы айттыңыз. Әрқайсысына қысқаша тоқтала аласыз ба?-Ия, әрине. Бағдарламаның төрт нысаналы индикаторына қол жеткізу бойынша айтатын болсақ, бірінші индикатор – агломерациялардағы халықтың жалпы саны. Яғни, агломерация қалалар бізде – Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе шаһарлары. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 6.2 млн адам болжамында факт 6,6 млн адамды құрады.  Басқаша айтсақ, бұл дегеніміз елдегі бүкіл халықтың 36,6 пайыын құрайды. Бұл көрсеткіш 2015 жылдан бастап 0,5 млн адамға өсіп отыр. Агломерация халқының өсуі осы жылда да байқалды.Келесі маңызды индикатордың бірі – жылу, электр және газбен жадықтау желілерінің жаңарған үлесі. 2015 жылы бұл индикатор орташа есеппен 4 пайызды құрады, 2016 жылы 2,1 пайызды және 2017 жылы 2,8 пайыды құрады. Яғни, жалпы айтқанда жыл сайын орташа есеппен желілердің үш пайызы жаңартылып отыр.Ендігі маңызды индикатор – сумен жабдықтау және су бұрудың орталықтандырылған желілерге қолжетімділігі. 2017 жылы қалалара орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 90 процент болжамында 93,8 пайыды құрады. Яғни, 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,8 пайызға ұлғайып отыр. Ал, ауылдарда 57,4 пайызды құрады. Жоспар – 55 пайыз болатын. Яғни, индикаторға толығымен қол жеткіздік. Және 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,5 процентке жоғары.Бұл бағдарламаның аясында қолжетімділік көрсеткіші ауылды елді мекендердің саны бойынша есептелген. Ал, егер де ауыл халқының саны бойынша қарайтын болсақ, онда 2017 жылдың қорытындысында  негізгі факт 80,7 пайыды құрайды. Яғни, ауылдағы 7,7 млн адамның 6,2 млн адам орталықтандырылған суға қол жеткізген.Су бұру мәселелері бойынша тиісті көрсеткіштер орындалып отыр. Қалаларда бұл 88 пайызды құрайды, ауылдарда 11,5 пайызды құрайды.Сонымен қатар, аумақтарды дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар жүеге асырылуда. 2015-2017 жылдардағы жоспар 87 жобаны құраған, бірақ, іс жүзінде 127 жоба іске асырылды. 127 жобаның орталық құны – 61,9 млрд теңге.Келесі көрсеткіш – тірек ауылдық елді мекендердегі халық саны. 2017 жылы бұл көрсеткіш 975 мың адамнан асты. Тірек ауылді елді мекендер дегеніміз – ауылдық жердегі бірнеше ауылды біріктіретін орталық. Мұндай тірек ауылдарда халыққа әлеуметтік көмек көрсету органдары, жалпы мемлекеттік қызмет ұсынатын органдардың бөлімшелері болады. Айналасындағы ауылды мекендер сол жерге келіп, мемлекеттік қызметті алады.Тағы бір нәтиже көрсеткіші – бұл жаңғыртылған және жаңадан салынған желілердің ұзындығы. Олардың ұзындығы 2017 жылы 11 581 шақырымды құрады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында қалалардағы нормативтік тазартылған ағынды сулардың үлесі және де апатты желілерді азайту бойынша көрсеткіштер орындалып отыр.-Осы ауыз су қанша айтылса да шешілмей келе жатқан мәселе. Ауыл-аймақтағы судың сапасын былай қойғанда, қалалардың өзінде халық су сапасына көп шағым айтады. Өңірлердегі су сапасын жақсарту үшін мемлекеттік бюджет есебінен қанша қаражат бөлінеді?-Жалпы, өткен жылы бізде жаңадан мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілді. Осыған сәйкес, барлық үкіметтік бағдарламаларды мемлекеттік бағдарлама ретінде бекіту қажет болатын. Негізінде, қазір өңірлерді дамыту бағдарламасы үкіметтік бағдарлама ретінде есептеліп тұр, бірақ, құжатты мемлекеттік бағдарламаға ауыстыру үшін тиісті жұмыстарды атқардық. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында барлық ауылды елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жыл сайын кемінде 100 млрд теңге бөліну керек деген тапсырма қойылған. Ақша әртүрлі қаражат көзінен бөліну керек деп айтылды. Айтқанымдай, Өңірлерді дамыту бағларламасы енді үкіметтік емес, мемлекеттік бағдарлама болып қабылданады. Әлі мемлекеттік бағдарлама болып ауыстырылған жоқ, бірақ, осы бір ай ішінде ауысады деп күтіп отырмыз. Міне, осы жаңа статустағы бағдарлама аясында ауылды елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтығу қажетті сол 100 млрд теңгені қарастырдық, қаражат бөлінетін болды.-Сіз айтып отырған мемлекеттік бағдарламаның үкіметтік бағдарламадан қандай айырмашылығы болмақ? -Үкіметтік бағдарламаны статусы – оны Премьер-министр бекітеді. Ал, мемлекеттік бағдарламаны Премьер-министр бекітпей тұрып, ол бағдарламаның жобасы Мемлекет басшысының келісімін алу керек. Яғни, Президент қандай да бір бағдарламаның жобасын қарап, жан-жақты танысқаннан кейін рұқсат берсе ғана бағдарлама қабылданады.Сонымен қатар, 2018 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілген болатын. Осы стратегиялық дамуда бесінші реформа бар, ол – мықты өңірлер және урбандалу деп аталады. Осыған сәйкес, қазір Өңірлерді дамыту бағдарламасының мақсатын өзгерттік.  Ол – басқарылатын урбандалу және халықтың өмір сұру сапасын жақсарту мақсатында қол жеткігімі келеді. Өздеріңіз білесіздер, қаір әлем бойынша урбандалу процесі қатты байқалып отыр. Бұл процесс біздің елімізге де тиіп өтеді. Табиғи процесс болғандықтан, Қазақстанда да соңғы жылдары көп байқалып отырған соң, бағдарламаға осы урбандалу процесін қостық.Осыған сәйкес, қазір бағдарламада үш негізгі бағытты бөле қарап отырмыз. Бірінші бағыты – функционалдық қалалық аудандарды дамыту. Екіншісі – функционалдық қалалық аудандардың құрамына кірмейтін аумақтарды дамыту және үшінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының инфрақұрылымын дамыту.Бағдарламаның мақсаты өзгерген соң, нысаналы индикаторы мен кейбір көрсеткіштері де өзектендірілді. Бұл жерде біз урбандалуды алғандықтан, бірнеше жаңа индикатор қостық. Бірінші жаңа индикатор — облыстар бөлінісіндегі урбандалу деңгейі. Өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша дамытудың айрамшылығы деген жаңа екінші индикатор және халықтың мемлекеттік, әлеуметтік қызметтердің сапасына қанағаттануы деген үшінші жаңа индикатор қосып отырмыз. Соңғысы — әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы анықталатын индикатор, сондықтан, көрсеткіші жыл сайын өзгеріп тұрады.-Бағдарлама мемлекеттік болып ауысқан соң, оны жүзеге асыратын органдар кімдер болады? Министрлік пе, әлде жергілікті атқарушы орган ба?-Бағдарламаны әзірлеген – Ұлттық экономика министрлігі. Ал, жүзеге асыратын органдар, ол – Ауыл шаруашылығы министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, оның ішінде Құрылыс комитеті, бүкіл облыстардың әкімдіктері мен «Атамекен» палатасы, «Қазгеология» сияқты басқа да ұйымдар бар.-Сұхбатыңызға рақмет! Фото: 24.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз