Әлеумет

Ұйғыр ауданын Қарадала деуге болмайды

Алматыоблыстық «Жетісу»газетінің сайтына Қашанғыжатсынамыз? Ұйғыр ауданының тұрғыны «Қарадала» атауына қарсы шықтыдегенмақала жарияланды. Мақала авторы АнарДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ халық қаһарманы Мурдин ТАИПОВТЫҢ 100 жылдығы кезінде болған біроқиғаға тоқталады.

Ұйғыр ауданын Қарадала деуге болмайды

«Сөз кезегі тигенде қасиетті Қарадаламыздың торқалы топырағынан тарағантарландар жайлы ой қозғадық. Аңғарсақ, сөзіміздің әлқиссасыҚарадаламен басталғаны кейбір ағаларымыздың жанына жақпапты. Бізден кейінсөз алған Бахар ауылының тұрғыны, талай жыл бойы жоғары лауазымдарда қызметатқарған Сайдалим Амутов ағамыз тұра сала біздің сөзімізге ескерту жасады,«Қарадала» деп атауымыздың қателік екенін айтыпөтті. Ағамыздың сөзінше, Қарадала атауы бұл өлкеге ешқандай қатысыжоқ екен, тіпті, негізі де жоқ. Қу медиен, түгі жоқ ен даланы «Қарадала»дейді екен-міс. Қара сөзінің мағынасы да, мәні де жоқ көрінеді»,- деп жазадыавтор.

Одан әрі әріптесімізқара сөзінің мағынасына тоқталады. Мемлекеттік басылымның әсте әдептенозбайтынын білеміз. Десе де, автордың не айтпақ болғанын оқырман мақаланы толықоқып шыққанда түсінеді.

Жалпы қазақ баспасөзіҰйғыр ауданы деген сөзден қашқақтайды. Оған осы ауданға қатысты «Қарадалаөңіріндегі өрелісі естер», «Қарадала – құт мекен» сынды (Айқын, Жетісу)газеттерде жарияланған мақалалар куә. Яғни Ұйғыр ауданының бейресми аты –Қарадала. Бұл өңірден шыққан ақын-жазушылар мен журналистер өздерінқарадалалықпыз деп таныстырып жатады. Ал аудан атын ауыстыру мәселесі БАҚ бетінде«Павлодар мен Петропавлдан» аз көтеріліп жатқан жоқ. Былтыр PhD докторы ХалықБАЛЫҚБАЙТЕГІ аудан атын Шарын деп өзгерту керектігін баспасөзде көтерген еді.2006 жылғы «Шелек оқиғасынан» кейін бұл мәселе тіпті БАҚ бетінен түспейқойған-ды. Алайда, толерантты билік әлі күнге дейін саяси жігер таба алар емес.

Фото: arasha.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз