Әлеумет

Үкіметтен қайыр жоқ: Ауыл халқы өз қаражатына мектеп салып жатыр

Ауыл халқы салыпжатқан мектеп экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Руханижаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында тіркелмек.

Үкіметтен қайыр жоқ: Ауыл халқы өз қаражатына мектеп салып жатыр

Алматы облысына қарасты Сарқан ауданындаКәкімжан ҚАЗЫБАЕВ атты ауыл бар. Халқы үкіметсіз-ақ өзмәселесін өзі шешіп жатыр. Осыған дейін оқушылар тасымалдайдын көлік, фельдшерлікпункт пен мешіт те салып алған. Енді жаңа мектеп соғып жатыр. Айтпақшы биыл республикалықжәне облыстық бюджеттен Алматы облысындағы мектеп құрылысына 9,9 млрд теңгебөлінген. Амал нешік,бұл қомақты қаражат Сарқандағы елеусіз жатқан ауылға жете қоймапты.

Кәкімжан Қазыбаевауылы — Сарқан ауданындағы Бақалы ауылдық округіне жататын елдімекен. 41 түтінібар ауылдың бар-жоғы 210-ақ тұрғыны бар. Мұндағы бастауыш мектептің ғимаратысонау 1975 жылы ауыл кеңесіне пайдалануға берілген. 1978 жылы білім мекемесінеайналыпты. Бастауыш сыныпты аяқтаған оқушылар үш шақырым жердегі Бақалы ауылынақатынап оқиды.

«Мектебімізге 44 жыл болды. Қыста 3 жерден от жағамыз.Себебі о баста мектеп ретінде салынбаған ғой. 3 ұстазымыз бар. Былтырғы оқужылында 30 бала оқыған. Оның сегізі бастауышты аяқтап Бақалыға ауысты. Қазіргікезде 21 баламыз бар. Негізі, болашақта бізде оқушы көп болады. Бала өсіміауылда жақсы. Әуелі келесі жылы-ақ баланың саны көбейеді», — дейді Ағартубастауыш мектебінің меңгерушісі Қарлығаш СӘТБАЕВА.  

Ауыл әкімі АрынКҮРІШБАЕВ мектеп мәселесін айтып Сарқан ауданы әкімі мен білім бөліміне біремес, бірнеше рет хат жазған екен. Облыс пен аудандағы тиісті шенеуніктераталған проблемадан хабардар. Жалпы, аудан бойынша 30 мектеп бар екен. Оныңалтауы мектеп болып бейімделген ғимараттар. Әзірге солардың екеуінің ғанасметалық-жобалау құжаттары жасалған. Ауыл халқы кезек күтпей өздері құрылыстыбастап кетіпті.

«Ауыл болып жиналыс өткіздік. Барлығымыздың сөзіміз біржерден шығып өз күшімізбен жаңадан мектеп құрылысын бастап кеттік», — дейдіауыл тұрғыны ТоқтарбекТӨЛЕПБЕКОВ.

Бастауышмектептің құрылысы көктемде басталыпты. Әзірге қабырғасы қаланып, шатыры жабылған. Барлық шаруаны ауылдағы ер азаматтар атқарыпжатыр. Енді есік-терезесі орнатылып, сылау, әрлеу жұмыстары жүргізілмек.

«Осы ауылдыңазаматтарының қолдауымен қазірге дейін 5 млн-нан астам  қаражат жиналды. Соныретімен пайдаланып, график бойынша жұмысістеп кележатырмыз. Техника, адам күшіөзімізден болғандықтан5,5 млн шатырана дейін көтеруге жетіп тұр. Ендітағы да осынша ақша керек. «Урожай» жинап болған соң ақша жағын ақылдасып, келесі жылы мектепті бітіреміз деп жоспарлапотырмыз», — дейді тағы бір ауылтұрғыны ТалғатДАЛАБАЙҰЛЫ.  

Мектеп ешбіррұқсатсыз салынып жатқан соң жергілікті шенеуніктер оны экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясындатіркемек.

«Ауылдыңазаматтары жаңа мектеп салуды өздері бастады. Олар салып болғаннан кейін бізге сыйлық ретінде тартпақшы. Бұл бағыттақұжаттары жасалып жатыр. Негізінен ауыл азаматтары өздері бастағаннан кейінауылдың әкімі басшылықжасап жүр», — дейді Сарқан аудандық білім бөлімінің басшысы ПанараИМАНҒАЗИЕВА.  

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз