Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:38, 07 Маусым 2024

Үкімет студенттерге жатақхана жетпеуіне демографиялық өсім себеп дейді

Үкіме
Фото: primeminister.kz

Үкімет колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі қарады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың сөзінше, биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған. Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуы тиіс еді.

Қазірде 1540 орынға арналған 7 жатақханада тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, келер оқу жылына студенттерді қабылдауға әзір. Құрылыс немесе реконструкция жұмыстарын жүргізу бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жол карталары дайындалды. Жоспарланған нысандардың дені қыркүйекке дейін пайдалануға берілмек, — деді Талғат Ешенқұлов.

Үкімет жатақхана жетпеуінің тағы бір себебі демографиялық өсім деп есептейді.

Былтыр 10 304 орынға арналған 43 ғимарат пайдалануға берілген. Алайда, демографиялық өсім қосымша орындарды қарастыруды қажет етеді, делінген Үкімет хабарламасында.

Тегтер: