Үкіметке тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды күшейту тапсырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тұрмыстық зорлық-зомбылық, түрмедегі азаптау фактілері жиілеген тұста "адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын" ұсынды.
Тоқаевтың 8 желтоқсанда жарияланған қаулысына сай, ол 2024 жылдың қаңтарында үкіметке тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық заңнаманы қатаңдату бойынша заң жобасын дайындауды тапсырды.
Қазақстан президенті үкімет пен әкімдіктерде аудан орталықтары мен шалғай ауылдарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсету бойынша дағдарыс орталықтары санын көбейтуді де міндеттеді.
Тоқаевтың жоспары бойынша үкімет 2024 жылы негізінен әйел полицейлерден тұратын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін арнайы бөлімшелер құруы керек.
Қазақстан билігі заңда "жұмыс орнындағы жыныстық қудалау" (харассмент) ұғымын айқындамақ.
Салтанат Нүкенованың 9 қарашадағы қазасынан кейін елде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтуді талап етіп жатыр. 150 мыңға жуық петицияға қол қойылды. Қайғылы оқиғаға байланысты оның күйеуі, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мен феминистер заңға "фемицид" түсінігін енгізуді талап етті.
2017 жылғы шілдеде "Ұрып-соғу" және "Денсаулығына қасақана жеңіл зақым келтіру" баптары Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстырылған.