Украин дрондары Новокуйбышевск мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады

Самара облысының губернаторы Украина қарулы күштерінің шабуылы сәтсіз аяқталды деп мәлімдеді.
Дүйсенбіге, 10 наурызға қараған түні Украина қарулы күштері Самара облысындағы Новокуйбышевск мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Куәгерлердің айтуынша, нысанда өрт шыққан. Мұнай өңдеу зауытындағы жарылыс түсірілген видеоны ASTRA Telegram арнасы жариялады.
Жергілікті тұрғындар Shot Telegram арнасына Новокуйбышевскіде бірнеше жарылыс болғанын, аспанда пилотсыз ұшаққа тән дыбыс естіліп, жарық көрінгенін айтты. Жергілікті мұнай өңдеу зауыты жағынан күшті жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, украиналық пилотсыз ұшақтардың бірі кәсіпорынға жақындай бергенде атып түсірілген.
Мұнай өңдеу зауытына 2024 жылдың наурыз айында екі рет шабуыл жасалды.
Бұл ретте Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев ВК әлеуметтік желісіндегі парақшасында Украина қарулы күштерінің шабуыл жасау әрекеті сәтсіз болғанын, қирау мен шығын болмағанын жазды.
"Новокуйбышевскіде үш пилотсыз ұшақ жойылды. Өрт немесе зақым болған жоқ, барлығы қалыпты режимде", - дейді ол.
Қауіпсіздік министрліктерінің хабарламалары
Өз кезегінде Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі таңертең Новокуйбышевскіде Молодогвардейская көшесіндегі қойманы өшіріп жатқанын, «1500 шаршы метр ғимарат өртеніп жатқанын» хабарлады. Министрліктің алдын ала мәліметі бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Ресей ТЖМ-нің 87 қызметкері мен 27 техникасы жұмыс істеп жатыр.
Ал Ресей Қорғаныс министрлігі бір түнде Самара, Воронеж, Орел, Белгород және Курск облыстарында тоғыз украиндық пилотсыз ұшақтың жойылғанын хабарлады.