Live

Украина Ресейдің газ инфрақұрылымына шабуылдарды күшейтіп жатыр

Украина әскері дрондар арқылы   "Көк ағын" (Голубой поток)  газ құбыры жүйесіне кіретін «Краснодарская» компрессорлық станциясына шабуыл жасады.

Дрон

"Газпромның" мәлімдеуінше, шабуыл 8 шілдеге қараған түні жасалған. Компанияның айтуынша, оның мақсаты Ресей газын Түркияға үздіксіз жеткізуді тоқтату болған. Алайда жедел қабылданған шаралардың арқасында газ жеткізу тоқтамаған.

Украина дрондары бұған дейін де, ақпан айының соңында, "Көк ағын" және "Түрік ағыны"  газ құбырларына шабуыл жасаған болатын. Қазір Ресей газын Түркия мен Еуропаға жеткізу негізінен осы екі құбыр арқылы жүзеге асырылады.

Оған дейін «Русская», «Береговая» және «Казачья» компрессорлық станциялары да шабуылға ұшырағанымен, ол соққылар елеулі зардап келтірмеген.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков халықаралық маңызы бар энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды «өте қауіпті» деп бағалап, Түркия Украинаға ықпал етеді деген үміт білдірді.

«Біз Түркия мен басқа да мемлекеттер Киев билігін мұндай әрекеттерден бас тартуға көндіру үшін өз ықпалын пайдаланады деп үміттенеміз», – деді Песков.

Қазір Түркияда НАТО саммиті өтті. Оған Украина президенті Владимир Зеленский де қатысты.

Өз сөзінде Зеленский украиналық дрондардың шабуыл жасау ауқымы кеңейіп келе жатқанын айтты. Ол Украина шекарасынан шамамен 2500 шақырым қашықтықтағы Омбы мұнай өңдеу зауытына жасалған соққыны мысалға келтірді.

Энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдар жиілеген

Соңғы күндері Украина Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуылдарды айтарлықтай күшейткен.

8 шілде күні таңертең дрондар Башқұртстандағы «Черкассы» диспетчерлік станциясына шабуыл жасады. Бұл – соңғы екі апта ішінде аталған нысанға жасалған екінші шабуыл.

Украина Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, бұл станция «Транснефть-Урал» жүйесінің негізгі нысандарының бірі болып саналады.

Украина Дрон жүйелері күштерінің қолбасшысы Роберт Бровдидің («Мадяр») айтуынша, соңғы үш күнде украиналық дрондар Азов теңізі аймағында Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі 19 танкерге соққы жасаған. Оның сөзінше, танкерлер Қырымға жанармай жеткізуге әрекеттенген кезде шабуылға ұшыраған.

Ал Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қара теңізде дрондар америкалық Chevron компаниясына тиесілі танкерге де шабуыл жасаған. Бұл кеме Новороссийск терминалынан мұнай тасымалдауға пайдаланылған.

Тегтер: Дрон шабуылы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз