Live

Украинада «Маша мен Аю» мультфильміне тыйым салынбақ

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік «Маша мен Аю» мультсериалын жасаушыларға санкция енгізді.

П

 Тиісті жарлық 20 тамызда Украина президентінің ресми сайтында жарияланды.

Шектеулер мультсериалды шығарған «Анимаккорд» студиясына және Ресейдің бес азаматына қатысты. Олардың арасында студияның негізін қалаушы және бас директоры, сценарий авторы мен туындының құқық иесі бар.

Украина президентінің сайтындағы түсініктемеде «Маша мен Аю» елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретіні айтылған. Украина билігінің пікірінше, мультсериал «балаларға арналған контенттің астарында ресейшіл нарративтерді» таратады.

«РБК-Украина» басылымы санкциялық шешім ел аумағында мультсериалды көрсетуге тыйым салуға мүмкіндік беретінін жазды.

Сол күні Зеленский Ресейге қарсы санкцияларға қатысты тағы үш жарлыққа қол қойды. Шектеулер Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарына, ресейлік шенеуніктер мен жеке тұлғаларға, сондай-ақ Олег Дерипасканың «Русал» тобына кіретін компанияларға бағытталған.

Бұған дейін, 2026 жылғы маусымда Эстония сыртқы істер министрі Маргус Цахкна «Маша мен Аюды» Кремльдің «жұмсақ күшінің бір бөлігі» деп атаған. Оның пікірінше, мультфильм балаларға арналған ойын-сауық контенті арқылы «Кремльшіл және милитаристік идеяларды» таратады.

Ал маусым айында Deadline басылымы Netflix «Маша мен Аюдың» екі жаңа маусымын көрсету құқығын сатып алғанын және бұған дейін шыққан маусымдар мен спин-оффтарға қатысты келісімді ұзартқанын хабарлаған.

Тегтер: Маша мен аю
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз