Украинаның 35 жастағы премьер-министрі және жас командасы
Алексей ГОНЧАРУК – Украинаның17-ші премьер-министрі. Ел тарихындағы ең жас үкімет басшысы 2019 жылдың 29тамыз күні жаңа үкіметті бастап өз қызметіне кірісті.
Соңғы кездері Украинаныңсаяси элитасы жасарып келеді. Советтік идеологиямен сусындаған шенеуніктерқатары азайып кетті. «Жас АЛАШ»өз оқырмандарына жас премьер мен оның жаңа үкіметіжайлы ақпарат беруді жөн көрді.
Алексей Валерьевич Гончарук 1984жылы 7 шілдеде Винниц облысына қарасты Жмериника қаласында дүниеге келген.Мамандығы заңгер. Мектептен кейін Владимир ВЕЛИКИЙ атындағы құқық институтынатүскен. 2012 жылы Украина президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттықакадемиясын аяқтайды. Сондай-ақ, Aspen Institute Kyiv и kmds түлегі.
Алексей Гончарукке дейін премьерболған Владимир ГРОЙСМАНДЫ кәрі саясаткерлердің қатарына жатқыза алмайсыз. 41жастағы Гройсман өзінен бұрын министрлер кабинетін басқарған Арсений ЯЦЕНЮКТЕНтөрт жас кіші болатын. Осылайша Украинаның премьер министрлері жыл өткен сайынжасарып келеді. Айтпақшы, Алексей ВАЛЕРЬЕВИЧТІҢ үкіметі мүшелерінің орташа жасы– 40. Үкіметтің ең жас мүшесі вице-министр әрі цифрлі трансформацияминистрі Михаил ФЕДОРОВТЫҢ жасы жиырма сегізде.
Сонымен жас премьер-минстрсаясатқа қалай келді? Алексей Гончарук бір шенеуніктің күзетшісі я болмасабаспасөз хатшысы сынды посткеңестік елдерге тән жолмен карьерасын жасамаған. Олсаясатқа 2013 жылы 21 қарашада басталған «Революция Достойнство» акциясынақатысып араласа бастаған. Бірнеше айға жалғасқан акцияда көпшілік Украина менЕвроодақ арасындағы ассоциация бойынша келісімнің жасалмауына байланыстынаразылық білдірген еді. Келісімді ел үкіметі тоқтатқан еді. Болашақ үкіметбасшысы осылайша саяси мансабын халық ортасында жүріп бастайды.
2014 жылы Жоғарғы Радаға «Силалюдей» партиясының атынан түседі. Партиялық тізімде бірінші болып тұрған. Саясиұйым бар-жоғы 0,11 пайыз дауыс жинағандықтан жас саясаткер парламентке өтпейқалады. 2015 жылы экология және табиғи ресурстар министрі Игорь ШЕВЧЕНКОНЫҢкеңесшісі болады. Артынша вице- премьер, сауда және экомикалық даму министрі СтепанКУВИВАНЫҢ кеңесшісі болып тағайындалады. 2019 жылдың 21 маусымынан бастапҰлттық инвестициялық кеңестің мүшесі. Соңғы қызметі президент офисіжетекшісінің орынбасары. Алексей Гончарукпен бірге үкіметке 15 жаңа саясаткеркелді. Владимир Гройсманның үкіметінен тек екі-ақ министр қалды. Олар: АрсенАВАКОВ (ішкі істер министрі) және Оксана МАРКАРОВА (қаржы министрі). Енді ең жас үкімет басшының жаңа командасынатоқталсақ.
Дмитрий ДУБИЛЕТ– министрлер кабинетінің министрі. 34 жастағы жаңа министр кәсіпкерлікпен айналысқан.Бұған дейін «ПриватБанктің» IT-директоры болған.Ешбір партияның қатарында жоқ.
Михаил ФЕДОРОВ– вице-премьер әрі цифрлі трансформация министрі. 28 жастағы үкімет басшысының орынбасары22 жасынан бастап бизнеспен айналысқан. 1991 жылы 21қаңтарда дүниеге келген саясаткер Запорож облысындағы Васильевка қаласыныңтумасы. Диджитал агенттігін құрушы. ІТ саласындағы кәсіпкер. «Слуга народа»партиясының мүшесі.
Дмитрий КУЛЕБА– европа және евроатлантикалық интеграция мәселесі бойынша вице-премьер. 38 жастағы ДмитрийКулеба дипломат.Европа кеңесіндегіУкраинаның тұрақты өкілі. Шевченко атындағы халықаралық қатынастар институтыныңтүлегі. 2013 жылы вице-премьер Константин ГРИЩЕНКОНЫҢ кеңесшісі болған.
Владислав КРИКЛИЙ– инфрақұрлым министрі. 32 жастағы министр Шевченко атындағы Киев ұлттықуниверситетін аяқтаған.Мамандығықаржыгер. 2014 жылы ішкі істер министрі Аваковтың кеңесші қызметін атқарған.
Алексей ОРЖЕЛЬ– энергетика және қоршаған ортаны қорғау министрі. 35 жастағы министр Киев қаласының тумасы.Соңғы парламентітк сайлауда «Слуга народа» партиясыатынан депутаттыққа түскен. Тізімде 16-шы болып тұрды.
Денис МАЛЮСЬКА– юстиция министрі. Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті мен Лондонуниверситетінің түлегі. 37 жастағы министр өз мамандығы бойынша бұған дейін«Адвокатская фирма Бизнес-право» атты адвокаттар бірлестігін құрған.2019 жылы праламентке депутат болып сайланды.
Анна НОВОСАД– білім министрі. Киев-Могилян академиясын саясаттану мамандығы бойыншааяқтаған. Голандия, Чехия, Испанияда білімін жетілдірген. 2014 жылы осыминистрлікке жұмысқа тұрған. Басқарма басшысы Сергей КВИТАНЫҢ кеңесшісі болғанеді. 29жастағы министр 1990 жылдың 28 шілдесіндеВинницк облысына қарасты Ладыжин қаласында дүниеге келген.
Зорянка СКАЛЕЦКАЯ– денсаулық сақтау министрі. Киев-Могилян академиясында заңгер мамандығын алыпшыққан. Сондай-ақ АҚШ-та білімін жетілдірген. 39 жастағы үкімет мүшесі денсаулық сақтау саласындаеңбек еткен. «Форум здоровья»қоғамдық ұйымының директоры болған.
Юлия СОКОЛОВСКАЯ– әлеуметтік саясат министрі. Екі жоғарғы білімі бар. 34 жастағы министрқаржы министрлігіндеәлеуметтіксаладағы бюджет шығыны департаментінің басшысы қызметін атқарған. «Слугинарода» партиясының депутаттарына лектор болған екен.
Оксана КОЛЯДА– арадгерлер ісі, уақытша басып алынған аймақтар бойынша министр. Запастағыполковник әрі қарулы қақтығыстарға қатысқан министрдің жасы отыз тоғызда.Жауапкершілігі зор министрліктің басшысы Львов ішкіістер институтын аяқтаған. 2003-2015 жылдары ІІМ қызмет етті. Ол жерде қоғамменбайланыс департаменті басшысының орынбасарына дейін өсті. 2017 жылға дейін Украина қарулы күштерініңсапында болды. Сол жылы үш ай АТО қолбасшысының орынбасары болып қызмет етті.
«Жас АЛАШ»тілшісі Алексей Гончарукпен бірге министрлеркабинетіне келген жас саясаткерлерді ғана тізіп шықты. Олардың арасындағы еңүлкені – Алена БАБАК. 50 жастағы саясаткер өңір мен қауым даму министрі.Айтпақшы, Алексей Гончарук Украина тарихындағы ең жас премьер-министр ғанаемес. Сонымен қатар, қазіргі кездегі әлемдегі ең жас үкімет басшысы.
Фотолар украиналық сайттардан алынды.