Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:56, 26 Ақпан 2024

"ҰҚШҰ-да мұсылмандар бар": Лукашенко Армения мен Әзірбайжан арасындағы жағдайға пікір білдірді

Лукашенко
Фото: из открытых источников

Өткен аптада Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік келісімі орындалмағандықтан Ереванның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатты. Оның айтуынша, Қарабақ мәселесі көтерілгенде ҰҚШҰ мүшелері Ереванды қорғаған жоқ.

 

Бұған жауап ретінде Беларусь президенті Александр Лукашенко «Армениясыз ҰҚШҰ ыдырамайды» деді.

Армения мен Әзірбайжан арасындағы әскери қақтығысқа тоқталған Беларусь басшысы Әзірбайжан ҰҚШҰ-ның барлық мүшелері үшін, әсіресе мұсылмандар үшін бөтен мемлекет емес екенін атап өтті.

«ҰҚШҰ-да көптеген мұсылман елдері бар. Мұны сіз де түсінесіз. Бұл ішінара сәйкес позиция.

Армения біздің соғысқа араласуымызды қалады ма? Егер біз де қатыссақ, бұл соғыс әлі де жалғасып, мыңдаған адам өлетін еді.

Біздің ұстанымымыз қандай болуы керек еді? Армяндар - біздің жақындарымыз, олар біз үшін қымбат. Ал Әзірбайжан ше, бөтен ел ме? Сондықтан біз осындай жағдайға тап болдық. Ал ҰҚШҰ-ның бұл қақтығысқа түсуіне ешқандай себеп болған жоқ. Тіпті біз үшін себеп болмады», - деді Лукашенко.

Еске салайық, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь және Ресей кіреді.