Әлеумет

Ұлт саулығы – ұран емес, мемлекет қуатының көрсеткіші мен кепілі

Арнұр НҰРТАЕВ, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердіңсапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Дәрілік заттармен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры: Ұлт саулығы – ұран емес, мемлекет қуатының көрсеткіші мен кепілі– Арнұр Исабайұлы, жаһандану мен әлем халықтарының бір-бірімен бәсекесі дәуіріндеөмір сүріп жатқанымыз шындық.

Ұлт саулығы – ұран емес, мемлекет қуатының көрсеткіші мен кепілі

Әлеуметтік мәселелер шырмауында қалған қарапайымхалықтың денсаулық көрсеткішінде құлдырау деңгейі бары тағы рас. Осындай кезеңдемемлекеттің денсаулық сақтау ісін дамытуы қаншалықты қанағаттанарлық дәрежеде?

– Біз социализмнен қиялдағы коммунизмге келе жатып,капитализмге күрт бетбұрыс жасаған, адамның білім-білігі, ақыл-ой санасы, өмірсүру деңгейі, өзін-өзі дәлелдеу қабілеттері бәсекелестік деңгейіне шарықтай көтеріліп,ақпараттар ағыны тасқындаған, замана заңдылықтары барлық салада өзгергентехнологиялық-инновациялық жаңа даму дәуірінде өмір сүріп отырғанымызды ұмытыпкетеміз. Әр ғасыр өзінің ғажабымен, апатымен бірге келеді. Қалай болғанда да,мемлекет әр кезеңде де халқын қамқорлыққа алуды естен шығармайды. ҚазақстанРеспубликасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізіндееліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-19 жылдарға арналған«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асыруғамемлекеттік бюджеттен жалпы 1 969 729 500 мың теңге шығын, әлеуметтікмедициналық сақтандыру қорының қаржысы, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тыйым салынбағанбасқа да қаражат көздері жұмсалып, өз нәтижесін берді.

Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуғақосымша 2,3 триллионнан астам теңге бөлінді. Бағдарламаның басты мақсаты  еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалықдамуын қамтамасыз ету үшін ең алдымен халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығыЕАЭО елдерінен 10 жылға кем көрсеткіштен ілгерілемей келе жатқан Қазақстандағы өмірсүру ұзақтығын 2020 жылға дейін 73 жасқа жеткізу болды. Қоғамдық денсаулық сақтаужүйесін дамыту, аурудың алдын алу және емдеу сапасын жетілдіру, денсаулық сақтаужүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру, ресурстарды пайдалану ұтымдылығынарттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру нысаналарына екпін берілді. Бұлбағдарлама 2015 жылы мәреге жеткен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының заңдыжалғасы болды. Республикадағы халық санының жыл сайын 1 пайыздан аса өсу қарқыныодан да көп артты.  Халықтың жалпы өлім-жітімітөмендеді, жас отбасылар демографиялық қозғалыс локомотивтеріне айналып, балатуу көрсеткіші көбейді, ана өлімі де, бала өлімі де әлденеше есе пайыз төмендеді.Біріккен Ұлттар Ұйымының растауы бойынша Қазақстанда ана, сәби және бала өлім-жітімікөрсеткіштерінің төмендеуі мыңжылдық дамудың 4-ші және 5-мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігін берді. 

Халық туберкулезден төбе шашы тік тұрып қорқып, үмітсіздіккеберілмейтін болды. Соңғы бес жылда құрт ауруы 50 пайыз дерлік төмендеді жәнеодан болатын өлім-жітім де екі еседен астам азайды. Қан айналымы жүйесініңауруларынан, қатерлі ісік дертінен көз жұму деңгейі де төмендеді. Адамныңиммундық тапшылық вирусы синдромы да қатерлі індет деңгейінде қалып отырғанымен,оның таралуын тұрақты сатыда ұстап тұру мүмкіндігіне қол жеткіздік. 

– Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенаттағы үкімет сағатыбарысында: «Біз Атырау аумағындағы жаңа туған нәрестелер өлімін тексеруденкейін бүкіл республика бойынша медициналық карталарға аудит өткіздік. Талдау нәтижелеріндежаңа туған нәрестелер өлімі жасырылған 277 мысалды анықтадық. Осыған орай, 2018жылғы сәби өлімі көрсеткіштеріне түзету жасалды», – деп мәлімдеді. Осы мәселегеқатысты өз пікіріңіз қандай?

– Жалпы, әлеуметтік факторлар салдарынан туындайтын түрліқателіктердің, қаталдықтардың келешекте қайталанбауы үшін әрекеттеніп, заңсотынан да ауыр адами ар сотына шынайы жүгінуіміз керек. Отбасындағы ұрпақ тәрбиесінеұлт болып көңіл бөлетін уақыт жетті. Мемлекет осы дабылды қағып, сатылы-құрылымдыбағдарламалар қабылдауы керек. Іріктеу, таңдау, сараптау талғамына тәрбиеленбегенұл-қыздарымызды ұялы телефон, ватсап, мультфильм, бейнетаспалар тәрбиелепжатыр. Таяуда көзі ұйқыға кеткенше телефон құшақтап жататын балабақша жасындағықыз баланың кездейсоқ жұмбақ өлімі орын алды. Тағы бірде көшеде құлаққаппенмузыка тыңдап бейғам келе жатқан жасөспірім көлік астына түсіп, жантәсілім етті. Ата-әже, әке-шеше балаларынажеткілікті көңіл бөліп, олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарамайынша, өкініштергеұрындыратын келеңсіз жайттардың қайталануы ғажап емес. Медициналық білімді сападеңгейіне көтеру, әрбір медицина маманының Гиппократ антын шын мәніндегі адалдықкредосы ретінде ұстану міндеті заманауи қажеттілік болып алдан шығып отыр.

Ана мен сәби өлімі сәл азайғанымен, бізде бұл көрсеткіш әліжоғары, дамыған елдердегі деңгейден айтарлықтай көп, сондықтан электрондықбақылау жүйесі арқылы алдағы уақытта трагедиялық фарстарға жол бермеуге күшсалынады.  Көпбалалы аналардың алаңдардыбосатпауы мен шенеуніктердің есіктерін торуылдауының ар жағында шырқырағаншындық барына күмәнданудың қажеті жоқ.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанныңтұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын талқылау барысында оныңорындалуына қосылатын өз үлестеріңіздің межесі белгіленді ме? Неге дәл қазіргікезеңде денсаулық сақтау саласындағы заңдар көп өзгеріске ұшырауда, жаңареформалар бірінен соң бірі енгізілуде?

– Таяуда ғана денсаулық сақтау министрі Елжан БіртановHard-Talk-Vласть үлгісіндегі интернет-журналда тілшілерге берген сұхбатында өзбастамаларының себебін реформашылдыққа құмарлықтан емес, тозығы жеткен денсаулықсақтау машинасынан мұраға қалған, аяғына дейін тәмамдалмаған жобаларды жаңартудеп түсіндірді. Медициналық қауымдастық тарапынан да, халық тарапынан да қойылатынталап-тілектердің көбеюіне орай, осындай реформалар науқанының басталыпкеткенін мәлімдеді. Бұл біздегі денсаулық саласында әдістемелік дәстүрлердің жоғалғанын,тұралап қалғанымызды білдірмейді. АҚШ, Германия, Ресей сияқты алпауыт елдердің өзіаталған саланы жетілдіру жұмысымен жүйелі түрде айналысады. Қазақстан халқыныңденсаулық сақтау қызметіне қанағаттану деңгейінің 45 пайызды көрсетуі дамығанелдердегі 80 пайызбен салыстырғанда онша үздік көрсеткіш болмаса да, біздің әлеуметтік-экономикалықдаму деңгейіміз тұрғысынан алғанда қанағаттанарлық екені анық.

Президент жолдауының «Медициналық қызмет көрсетудіңсапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету» бөліміне түгелдей осы саланың көкейкестімәселелері арқау болды. «Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа сатысы» атты бағыт шеңберіндеэкономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, соның ішінде медициналық қызметтерсапасы мен қолжетімділігін жақсартуға жұмылдырылған міндетті әлеуметтік сақтандыружүйесін іске қосу үшін 18 іс-шара бекітілді. Мемлекет амбулаториялық жәнестационарлық деңгейлерде көрсетілетін тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемінің бұрынғы шеңберін сақтайды, оның қаржы қорын молайтуғаалдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді. Сонымен қатартегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс, ауруларға шалдығу тұсындақазақстандықтарға көрсетілетін медициналық қызметтер пакеті едәуір кеңейеді. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесініңбеделіне бір рет нұқсан келтіріп, халық алдында ұятқа қалғанбыз. Президент тағықателесуге құқымыз жоқ екенін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатынміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыруға заңды жәнежеке тұлғаның, әр ұжым басшысының, әрбір жеке кәсіпкердің зор жауапкершілікпен қарауықажеттілігін ескертті.

Қарағанды облысындағы пилоттық жоба сәтті жалғасуда. Бұлерікті жарна емес, міндетті жарна. Медициналық сақтандыру арқылы денсаулығын түзегісі,емделгісі келетін әрбір адам осы қорға жарна төлеуге міндетті болады, бұл – жүйеніжетілдіру. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы– 1 пайыз, 2021 жылдан бастап  2 пайыз  ұстап, қорғааударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілгенорташа айлық жалақысынан 4 пайызды құрайды. Бірақ бұл қаржылық институтқа қатыстыболғандықтан, сақтандыру нарығын зерттеу, толық заңдастыру жұмысы 2023 жылғадейін жалғасады.

ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес, «Дәрілікзаттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау»және «Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» порталдық бағдарламалық қамтылымынан оқиға-деректердіжіберу үшін және интернетке қосылудың бірыңғай шлюзімен және «Электрондық үкімет»электрондық поштасының бірыңғай  шлюзіменжалғасу үшін «Цифрлық техника және технологиялар институты» акционерлік қоғамыменбірлесіп, ұлттық орталық сервистерін жетілдірудеміз.

Мен өз ұжымымда ұрпақтар сабақтастығының үзілмеуін қадағалауғаалдым, өз ісінің кәнігі шеберлері – ардагер буын өкілдерімен қатар, соңғы уақыттажас мамандарды көбірек шоғырландырып, оқытып-үйретуге көп көңіл бөлеміз. Бұқаралықспортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарға, «Волонтер жылы» деп жарияланған2020 жылы біздің азаматтардың, әсіресе жастардың еріктілер қызметінеатсалысуына, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдар, ұнамды дағдылар қалыптастыруға,қатарларына студенттер мен оқушыларды тартуына ықпал  етеміз. 

– Денсаулық сақтау саласындағы флагман ұйымға жетекшілік етесіз. Отандықденсаулық сақтау саласындағы реформалардың ешқайсысы сіздерді айналып өтеалмайды. Үстіміздегі жылы үкіметтің «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кейбірмәселелері туралы» жаңа қаулысымен құзырлы орган – Фармация комитетінің«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаукомитеті» болып қайта құрылуына байланысты кәсіпорын атауы «Дәрілік заттар менмедициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» болып өзгертілді. Атау өзгергенімен,миссия өзгерген жоқ, сан салалы мақсат-міндеттеріңіз заман талабына сай бұрынғыданда еселеніп, күрделене түсіпті. Жалпы, ДЗСҰО – қандай ұйым, қызмет мазмұны қандай?

–  Дәрілік заттармен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы – дәрілік заттар менмедициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік сараптау ұйымы. Кәсіпорынныңбасты мақсаты – дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға сараптама жүргізужолымен республика аумағында өткізілетін дәрілік өнімдер мен медицинатехикасының қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету. Бірде-бір дәрілікзат және бірде-бір медициналық бұйым сараптамадан өткізілмей, ресми тіркелмей, ҚазақстанРеспубликасының нарығына жіберілмейді. Сондықтан бір жылдары «Методон дауының»басылып болмағаны сияқты, «сары қызбаға» арналған вакциналардың жеткізілмеуіненаразылықтың ара-тұра өршіп тұратыны сияқты, мемлекет тап осы денсаулық сақтаусаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын қырағы жүргізіп отырғануақытта контрабанда туралы қисынсыз әңгімелер өрбітуге еш дәлел жоқ.

ДЗСҰО екі монополиялық қызмет атқарады: мемлекеттіктіркеу кезіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптамадан өткізеді;Қазақстанда тіркелген медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізіп,сонымен қатар монополиялық қызметпен технологиялық байланысты қызметтерді жүзегеасырады.

– Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрі-дәрмектің рецепт арқылы босатылымын оңайлатуүшін электрондық рецептілердің қағазсыз жүйесі енгізілетіні мәлімделді.Электрондық рецептілер қандай тұрғыда тиімді, пайдалы? Сонда қандай препараттаррецептісіз босатылады?

– 2019 жылғы маусым айындағы жағдай бойынша Қазақстанда7748 дәрі тіркелген, оның ішінде 1634 препарат рецептісіз босатылады.Рецептісіз босатылатын дәрілер тізбесіне суық тиюге қарсы өсімдік тектеспрепараттар, антисептиктер және сыртқа қолдануға арналған дезинфекциялықпрепараттар, асқазан-ішек жолының жеңіл бұзылыстарында қолданылатын дәрілеренгізілген. Дәріханалардан жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсыпрепараттарды, сондай-ақ дәрумен тапшылығының жай-күйлерін емдеу және алдын алукезінде қолданылатын минералдық заттары бар көпқұрамды дәрумендерді дерецептісіз сатып алуға болады.

Бір жаңалық – рецептілер жазып беру рәсімдерін және дәріханаларданпрепараттар  алуды оңайлату мақсатында2020 жылдан бастап министрліктің ақпараттық жүйелерінде толық электрондық жұмысүлгісіне ауысу жоспарланды. «Қағазсыз ауруханаларға» көшу шеңберінде қазірдің өзіндежекелеген өңірлер (Атырау, Қарағанды қалалары және Шығыс Қазақстан облысы)рецептілер жазып беруді электрондық үлгіге ауыстырып, рецептілік дәрілер онлайнрежимінде босатыла бастады. Бұл рецепт жазылымы уақытын үнемдейді, тағайындаукезіндегі қателікке жол бермейді және қайта тағайындауды оңайлатады. Еңбастысы, емделу сапасын арттырады, дертіне дауа іздегендер адаспай шипа табады.

Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектер туралы бүкіл ақпаратты,оның ішінде рецептісіз босатылатын дәрілік препараттар тізбесін ДЗСҰО ndda.kz(http://www.ndda.kz/category/search_prep) сайтынан немесе App Store немесеGoogle Play қосымшалары арқылы DariKz мобильді қосымшасы арқылы табуға болады. Қазақстандықтардәрі-дәрмектер, соның ішінде  рецепт арқылыжәне рецептісіз босатылатын препараттар туралы маңызды ақпаратты 1439 жеделжелі нөмірі бойынша ала алады.

– DariKz мобильді қосымшасы туралы таратып айтсаңыз. 

– DariKz мобильді қосымшасын пайдалана отырып, отандастарымыздыңҚазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектер туралы бүкіл ақпаратпен танысуына мүмкіндіктуды. Қосымшаны жүктеп алған пайдаланушыларға дәрілік препараттыңдозалануы/концентрациясы, сақтау мерзімі және айрықша белгілері туралы, дәрініңтүпнұсқалық, әлде дженерик екені, оның дәрігер рецептісі арқылы немесерецептіден тыс босатылуы туралы барлық ақпарат қолжетімді болады. Қосымшаға«шекті баға» опциясы қосылады, оның көмегімен азаматтар дәрілердің бағаларын қадағалап,егер алшақтықтар орын алып, ол Қазақстанда рұқсат етілген, заңнама жүзіндебекітілген шекті рұқсатты бағадан асып кеткен жағдайда препараттың құнына шағымтүсіре алады. Сонымен қатар «Сапа сертификаттары» қосымша бетінен қазақстандықтарберілген қауіпсіздік пен сапа сертификаттары туралы мәліметтерді қарай алады,ал «Жаңалықтар» бөлімінде ДЗСҰО қызметіне байланысты өзекті ақпаратпен жәнехабарландырулармен танысады. DariKz дәрілерді іздеу қосымшасы ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау саласын цифрландыру бағдарламасының шеңберіндежәне тұтынушының дәрі-дәрмек туралы маңызды ақпаратпен мағлұматтану, қажет дәрісінтез табуына көмектесу мақсатында іске қосылды.    

– Бүгінгі таңда Қазақстанның фармацевтикалық нарығы түпнұсқа түріндегі жәнебаламалы түрлердегі дәрілік препараттарға толып кетті. Ауырып ем іздегендер дәрі-дәрмектіңалуан түрлілігінен көздері тұнып, дәрігер кеңесінсіз таңдау жасауда бастары қатады.Осы жерде дженерик деген дәрілік түр сипатын оқырманға түсіндіре кетсеңіз. Түпнұсқалықпрепараттардың дженериктерден айырмашылығы қандай?

– Түпнұсқалық дәрілік препарат – бұл тұңғыш ретсинтезделген және клиникаға дейінгі (жануарларда зерттелген) және клиникалық(адамдардан зерттелген) зерттеулердің толық айналымынан өткен және белсендікомпоненттері патентпен қорғалған, өндіру тәсілі де патенттелген дәрілік зат.Патенттік қорғау мерзімі шектеулі болғанымен, соның өзінде 15-20 жылға дейінжарамды. Түпнұсқалық препаратты әзірлеу үдерісі ұзақ, сондықтан да қымбат тұрады.Патент мерзімі өткенде басқа фармацевтикалық компаниялар түпнұсқалық препараттыжаңғыртып, қосымша заттары мен өндіру технологиясы ерекшеленетін дәріні ұқсас нұсқадажасап шығара алады, міне,  генерик немеседженерик деп жүргеніміз сол. Оның өндірушісі де, атауы да өзгеруі заңдылық.Тіпті бір түпнұсқаның әртүрлі саудалық атаулармен бірнеше баламалы нұсқасыболуы мүмкін. Түпнұсқалық препаратты эталон санағанымызбен, дженериктердіңбелсенді заттарының сандық және сапалық құрамы да, дәрілік түрі де ауылынаналыс кетпейді және тиімділігі мен қауіпсіздігі тиісті салыстырмалы зерттеулердедәлелденеді. Жоғарыда аталған қымбат тұратын сатылы зерттеулерден өткізілмейді,патенттелмейді, сосын да түпнұсқалық түрлерге қарағанда дженериктер арзан тұрады.Қазақстанның фармацевтикалық нарығының басым бөлігі, яғни 85 пайызы дженериктерүлесінде. Бұл бүкіл дүниежүзіндегі дәрілер нарығына тән көрініс. Қалтасы қымбатдәрі-дәрмекті көтермейтіндердің дженерикке жүгінуі заңдылық. Дегенмен деазаматтардың қырағылық пен сақтық танытқаны, арзанына қызығып, жалған, жасанды өнімгеұрынып қалмағаны абзал. Қазақстанда шамамен 8000 дәрілік зат тіркелген. Әрқайсысыныңхалықаралық талаптарға сәйкестік сертификаты бар. Қазақстанда тіркелген барлықдәрілер туралы толық ақпаратты, препараттың дженерик немесе түпнұсқа екенітуралы мәліметті www.ndda.kz сайтындағымемлекеттік тізілімнен, ал ағымдағы жылдан бастап DariKz мобильді қосымшасынан қарауғаболады.

– Енді вакцинация төңірегіндегі бітпейтін дауға шолу жасайық. Халықтыңекпелерге деген сенімінің азайып кетуі неліктен? Қазақстанда қанша вакцинатіркелген және олардың сапасы қалай тексеріледі, біздің елімізге қалайжеткізіледі?

– Қазіргі уақытта ДЗ және МБ мемлекеттік тізілімінде ірі өндірушілерөндіретін 65 вакцина тіркелген. Олар Еуропаның Бельгия, Франция, Ирландия,Нидерланд елдерінен, Америка, Ресей, Қытай, Үндістан, Корея және Израильмемлекеттерінен жеткізіледі. Вакциналар сапасы біздің зертханаларымызда үшсатылы тексеруден өтеді, тіркелуден кейін де олар нарықтағы бүкіл айналым кезеңіндефармакологиялық қадағалауда болады. Қазақстанда бір ғана вакцина (обаға қарсы) өндіріледі,19 инфекциялық ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі. Екпе науқанының арқасындатуберкулезге шалдығудың соңғы 20 жылда 2,5 есе, ал одан болатын өлімнің 15,3есе, ал қызылшамен ауырудың 3,4 есе азайғанын қанағатпен айтамыз. Қыркүйектенбастап 20-29 жастағы ересектер тобы арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымшаиммунизация жасау басталды. Күрделі шешімдер де қабылданды: мысалы, Қазақстандақолданылып келген Жапонияның БЦЖ вакцинасын өндіруші қайтарып алып,туберкулезге қарсы вакцинация уақытша тоқтатылды, Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымында бұл вакцина қайта квалификацияланады.

Өкінішке қарай, иммундық профилактиканың бүкіл әлемдеинфекциялармен күресудің тиімді әрі қолжетімді тәсілі болып мойындалғанына қарамастан,соңғы уақытта балаларын кездейсоқ уыттану т.б. жағдаяттардан қорғау ниетімен,тіпті діни көзқарас жетегіндегі ата-аналардың дәстүрлі екпелерден бас тартуыжиілеп кетті.

Иммунизацияға қарсы көрсетілімдері бар балалар дакездеседі. Оларды балабақшаларда оқшаулау мәселелері де көтеріліп тұрады. Біздіңше,балаларды, бұл орайда, бөліп-жарудың мағынасы жоқ. «Ұжымдық иммунитетті» қалыптастырутәсілінің, «иммунитет төзімділігінің» жеміс беретініне сенім артамыз. Жаппай қолданылатынвакциналардың сапасына жұртшылықтың көзін жеткізу жұмыстары жалғасады.

– Фармацевтикалық нарық қатысушыларына үкімет, министрлік тарапынан қандай қолдаукөрсетіледі? Шетелдік өндірушілер мен отандық өндірушілерге қойылатын талаптар,көрсетілетін артықшылықтар бар ма?

– ДЗСҰО өтінім берушілермен апта сайын кездесу өткізеді.Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың пайда-қауіп арақатынасын бағалаужәне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың клиникалық зерттеулерін жүргізугеарналған материалдарды бағалау қызметтерінің бағаларын жоспарлы бекіту жөніндекөпшілік тыңдалымдар өткізеді. Фармацевтикалық нарық қатысушыларына қолдау көрсетугеарналған  support@dari.kzпоштасына жазып, үнемі ДЗСҰО жұмысы жөнінде, импорт пен экспорт мәселелерітуралы өз сұрақтарын қоюға немесе ұсыныстарын қалдыруға болады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»кодексінің жаңа редакциясына сәйкес, тіркеу куәлігі мерзімінің өтуіне дейін ҚазақстанРеспубликасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттар менмедициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында шектеусіз қолданылады,айналыста болады және пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген қызметтергебелгіленген бағалар прейскурантының жобасында отандық тауар өндірушілер үшін жеңілдіктеркөзделген. Осы орайда, ДЗСҰО көрсететін қызметтерге бағаларды антимонополиялықорганмен келісім бойынша  денсаулық сақтауминистрлігі белгілейді. Бірыңғай дистрибьютор қосымша келісімде медициналық ұйымдардыңбастамасы бойынша түзетілген өтінімде ұсынылған сатып алынатын дәрілік заттар көлемдеріназайту туралы талаптарды қарастыруға құқылы.

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына сәйкес,бірыңғай дистрибьютор жеткізу мерзімдерін бұзған; сатып алулар өткізілмей қалған;балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқаулар болған жағдайлардаалпыс күндік қажеттілікке дейін медициналық ұйымдардың өз бетінше сатып алуын жүзегеасыру тәртібі регламенттелді. Осындай өзгерістер азаматтар үшін сапалы дәрі-дәрмектіңқолжетімділігін қамтамасыз етеді, ал бағаларға реттеу енгізу республиканың бүкілөңіріндегі бірыңғай баға саясатына жол ашады.

– Арнұр Исабайұлы, жұртшылықтың көбінің медицина туралы білім деңгейі текауру, аурухана және дәрігер үштігінің шегінен аспайтыны хақ. Халық денсаулығышебінде «Әр күн – майдан» екенін толық суреттеп берген мазмұнды сұхбатыңызға рақмет.

                                                        Әңгімелескен Гүлзира СЕРҒАЗЫ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз