Live

Үндістанда жыртқыштың тырнағында жарты сағат болған шопан аман қалды

Үндістанның Гуджарат штатында бейнебақылау камерасы жабайы азиялық қаншырдың адамға шабуыл жасаған сәтін түсіріп алған.

1

Жергілікті шопан қауіпті жыртқыштың тырнағынан аман қалған.

Ашуға булыққан арыстан ұрғашысы ер адамға ашық далада тап берген. Жыртқыш шамамен 30 минут бойы шопанды жерге басып ұстаған.

Алайда куәгерлер мен мамандардың айтуынша, ер адамның аман қалуына оның ерекше сабырлылығы себеп болған. Ол үрейге бой алдырмай, қимылсыз жатып, жануарды одан әрі ашуландыратын әрекет жасамаған.

Ақыры арыстан шегініп кеткен.

Шабуыл салдарынан шопан көптеген жарақат алғанымен, аман қалған. Қазір ол жергілікті ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Гуджарат – әлемде азиялық арыстандар табиғи ортада әлі де мекендейтін жалғыз өңір. Соңғы санақ бойынша, бұл сирек кездесетін жыртқыштардың саны 891 басқа жеткен. Жыртқыш мемлекет қорғауына алынған.

Соңғы жылдары елді мекендердің кеңеюіне байланысты адамдар мен жабайы арыстандардың кездесуі жиілеп кеткен.

Тегтер: Арыстан
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз