Қоғам

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Болат Баекенов өмірден өтті

Әскери қайраткер, арнаулы мемлекеттік органдар ардагері, генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды.

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Болат Баекенов өмірден өтті

Қаралы хабарды ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді

— Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан Президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады, — деп жазды мекеме. 

Болат Әбдірахманұлы 1942 жылы 21 қарашада Оралда дүниеге келген.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (1992 жылдың шілдесінен бастап ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды.

1993-1994 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі. 1997 наурызда — Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті күзет қызметі бастығы болып тағайындалды. 2001 жылы құрметті демалысқа шыққан. Отставкаға шыққан соң ұстаздық қызметпен айналысып, Қазақ гуманитарлық заң университеті Алматы заң академиясын басқарды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз