Қоғам

ҰҚК: Шекарадан заңсыз өткен қазақтар Қытайға қайтарылады

Шекараны заңсыз бұзып өткен қазақтар Қытайға қайтарылады.Бұл жөнінде ҰҚК Шекара қызметініңдиректоры Дархан Ділманов мәлімдеді.

ҰҚК: Шекарадан заңсыз өткен қазақтар Қытайға қайтарылады

Ділмановтың сөзінше, сот ісі аяқталғаннан кейін шекаранызаңсыз бұзып өткен екі этникалық қазақ Қытайға қайтарылады.

«Олар ШҚОполиция департаментінің тергеу изоляторында отыр. Тергеу жұмыстары аяқталды.Менің ойымша, сот процесі жақын күндері, желтоқсан айында болады. Тиістіқұжаттармен ратификацияланған келісім бойынша, біз бұл азаматтарды келген елінеқайтарамыз. Қазіргі жағдайда бұл – Қытай Халық Республикасы»,- деді Ділманов.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше ай бұрын БАҚбеттерінде Қытайдан Қазақстанға заңсыз өткен Қастар Мұсаханұлы мен МұрагерӘлімқұлы жөнінде ақпарат тараған. 14 қазанда Алматыдағы адам құқығынқорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы«саяси лагерьде қамауда болғанын», Мұрагер Әлімұлы Қытайда"қысым көргенін" мәлімдеген. Осыдан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіекеуін «шекараны заңсыз кесіп өтті» деген айыппен ұстап, ертеңінде ШығысҚазақстан облысына алып кеткен.

Қазан айының 30-ы күні ҰҚК Шекара қызметінің директорыДархан Ділманов шекараны заңсыз бұзып өту фактісі бойынша қылмыстық ісқозғалып, тергеу жүріп жатқанын және бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптікжауапкершілікке тартылғандығын мәлімдеген.

Фото: Азаттықрадиосы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз