Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:22

USAID қызметкерлері Трамп әкімшілігін сотқа берді

Вашингтондағы USAID-тің қаржыландыруын қысқартуға қарсылар тобы
Вашингтондағы USAID-тің қаржыландыруын қысқартуға қарсылар тобы. Фото: J. Scott Applewhite/AP/picture alliance

Шетелдегі және АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) федералдық қызметкерлерін ұсынатын топтар Трамп әкімшілігін сотқа берді.

 Бұл туралы  NPR интернет-басылымы мен The New York Times газеті хабарлады.

"Бұл әрекеттер USAID қызметкерлерінің, грант алушылар мен мердігерлердің маңызды жұмысын күрт тоқтату арқылы жаһандық гуманитарлық дағдарысты тудырды. Мыңдаған адам жұмысынан айырылды. Бұл ісімен олар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндірді", - деп жазылған Вашингтондағы федералды сотқа берілген талап арызда.

Құжатта USAID-ті тек Конгресс тарата алатыны, ал Трамп әкімшілігінің әрекеттері «конституцияға қайшы және заңсыз» екені атап көрсетілген.

 The New York Times үш дереккөзге сілтеме жасай отырып, Дональд Трамп әкімшілігі USAID қызметкерлерінің санын қазіргі 10 000-нан 290 адамға дейін қысқартуға ниетті екенін хабарлады. Қалған шағын құрамның ішінде денсаулық сақтау және гуманитарлық көмекке маманданған қызметкерлер бар, деп хабарлайды басылымның анонимді көздері.

Агенттіктің тікелей қызметкерлерінің барлығы дерлік, соның ішінде шетелде жұмыс істейтіндер 7 ақпанда мерзімсіз әкімшілік демалысқа шығады деп жоспарланған. Сонымен қатар, барлық дерлік мердігерлердің келісім-шарттары жойылады. USAID-тің шетелдегі әскери қызметшілерінің Америка Құрама Штаттарына оралуы үшін 30 күн бар, деп жазады NYT.

Айта кетейік, USAID азаматтық сыртқы көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты. Тәуелсіз агенттіктің жылдық бюджеті 42,8 миллиард долларды (41,9 миллиард еуро) құрайды.

Тегтер: