Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 22 Мамыр 2024

Үш облыста 7,5 млн гектар жерге егін егіледі

ы
Фото: из открытых источников

Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында 7,5 млн га жерге егін егіледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінгі күні республика бойынша 7 млн га егін егілген. Оның ішінде Ақтөбе облысында - 220 мың га немесе өңірдің жалпы егіс алқабының 37,7%, Қарағанды облысында - 326,4 мың га немесе 30,3%, Қостанай облысында - 1 322 мың га немесе егіс үшін жоспарланған барлық алқаптың 25,7% .

21 мамырдағы жағдай бойынша облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес 889 мың тонна көлемінде тыңайтқыш сатып алуға шарттар жасалды.

Тыңайтқыштарды субсидиялауға 2024 жылға жергілікті бюджеттерден 36,2 млрд. теңге бағытталған.

Егіс жұмыстарына 376 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның ішінде Қостанай облысында - 79,6 мың тонна, Ақтөбе облысында - 7,2 мың тонна, Қарағанды облысында - 17,4 мың тонна тиесілі. 

Сондай-ақ, егіс науқанын қаржыландыруға алғаш рет 5 пайыздық жеңілдікпен 580 миллиард теңгеге дейін қарыз қаражат бөлінді.

Жоғарыда аталған үш облыстың шаруаларынан АНК арқылы қаржыландыруға жалпы сомасы 49,8 млрд теңгеге 669 өтінім, ал Азық-түлік корпорациясы арқылы 177 мың тонна астық сатып алу мақсатында 11,9 млрд теңгеге 134 өтінім түскен.\

Фото: АШМ

Тегтер: