Қоғам

Ұшақ апатынан көз жұмғандар саны сағат сайын артуда

Ұшақ апатынан көзжұмғандар саны сағат сайын артуда. Денсаулық сақтауминистрі Біртановтың атына жазылған мына хатта ұшақ апатынан көз жұмғандар саны12 адам, жарақат алғандар саны 12 адам (оның 4-і бала) деп көрсетілген.

Ұшақ апатынан көз жұмғандар саны сағат сайын артуда

Бұдан бөлек, апат орнына 40 жедел жәрдем бригадасы барғандығы, ұшақ Талғар ауданына қарасты Гүлдала және Әлмерек елді мекендерінің ортасында болғандығы айтылған.

Бұған дейін БАҚбеттерінде ұшақ апатынан көз жұмғандар саны 7 адам деген ақпарат тараған.Кейіннен бірқатар БАҚ өкілдері Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап,қайтыс болғандар саны 9 адам деген.

Бүгін таңғы сағат7-22 шамасында Алматы маңында «Бэк эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқаұшыраған. Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақ бортында 95 адам болған.Олардың бесеуі экипаж мүшелері.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз