Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 18 Сәуір 2024

Ұялы байланыс тарифтерінің бағасы 57%-ке дейін өскен

о
Фото:

Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарлары 2023 жылы 57%-ке дейін өскен. Ал 2021-2022 жылдары тарифтердің өсуі орташа алғанда 13-тен 37 %-ке дейін болған.

Мәжіліс депутаттарының мәліметінше, 2023 жылдың сәуірінде Билайн «Яркий» тарифтік жоспарын 1790 теңгеден 2490 теңгеге дейін (өсуі 39%); Кселл мен Теле2 тамыз айынан бастап әртүрлі тарифтік жоспарының өсетінін мәлімдеген.

 Атап айтқанда, «Реальный безлимит» (Кселл) 3390 теңгеден 4390 теңгеге (өсуі 29 %), «Просто супер» (теле2) 2590 теңгеден 3290 теңгеге (өсуі 27 %) өсті. Ең қызығы, Актив, кселл операторлары тарифке 1 мың теңге, ал арнайыәлеуметтік желілердегі интернетті лимитсіз қолдану үшін тағы 990 теңге үстінен қосып отыр. Сонда бар-жоғы 3390 теңгелік тариф 5380 теңгеге дейін, яғни 59 процентке қымбаттады.

Сондай-ақ, депутаттар 1,5 мың ауылда мобильді интернет мүлдем жоқ екенін айтты.

Speedtest жаһандық рейтингі бойынша мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 142 елдің арасында 67 орында тұр. Сонымен қатар, елімізде әлі де интернет жетпеген ауылдар бар. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 6 290 ауыл болса, соның шамамен 1,5 мың ауылда мобильді интернет мүлдем жоқ. Ал 902 ауылда тек бір ғана мобильді оператор бар, деді депутаттар.

Фото: pixabay

Тегтер: