«Ведомости Казахстана» басшысына халықаралық іздеу жарияланды
Астанада журналист, соңғы жылдары «Ведомости Казахстана» желілік басылымын басқарған Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды.
Бұл туралы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры хабарлады.
Қордың мәліметінше, Валерий Сурганов Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша күдікті деп танылған.
Қылмыстық істі Астана қаласының Полиция департаменті тергеп жатыр.
«Әділ сөз» қорының хабарлауынша, бұған дейін журналистке судья Дания Кісіковаға жала жапты деген айып тағылған. Алайда бұл іс тараптардың татуласуымен аяқталған.
Сондай-ақ 2026 жылдың көктемінде Валерий Сурганов қорлау ісі бойынша кінәлі деп танылып, 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған.