Әлеумет

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4300-ден асты

Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 4 333 адамға жетті.

Венесуэла

Ондаған мың адам жарақат алып, мыңдаған тұрғын әлі күнге дейін тұрақты баспанасыз отыр. 

Ел Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің мәлімдеуінше, 16 740 адам түрлі жарақат алған, ал мыңдаған тұрғын уақытша немесе тұрақты баспанаға мұқтаж.

Оның айтуынша, өткен айда болған табиғи апаттан кейін 86 794 отбасы мемлекеттік көмек алған.

Құтқарушылар 6 462 адамды аман алып қалған. Жер сілкінісі салдарынан 856 ғимарат зақымданып, 190 нысан толық қираған.

Қазіргі уақытта билік 94 уақытша лагерь ашқан. Онда 18 437 адам орналастырылған. Соған қарамастан, шамамен 18 мың тұрғынның әлі күнге дейін тұрақты баспанасы жоқ.

Зардап шеккендерге 9 766 тонна азық-түлік пен 16,6 миллион литрден астам ауыз су жеткізілген. Сондай-ақ 31 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетілген.

Апат салдарын жою жұмыстарына 31 837 төтенше жағдай қызметкері, 30 197 ерікті және 2 422 халықаралық құтқарушы жұмылдырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Венесулада болған жер сілкінісі Каракас қаласындағы тұрғын үйлерді қиратқан. Кейін Қытай елге алғашқы гуманитарлық көмек партиясын жөнелткен болатын. Бұған дейін қаза тапқандар саны 4 мыңнан асқаны хабарланған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз