Қоғам

Ветеринарлар Астанадағы дәмханаларға иттің еті жеткізілді деген ақпаратқа жауап берді

Әлеуметтік желілерде зооқорғаушылардың блогер Тимур Балымбетовке берген сұхбаты қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Дәмхана

Сұхбат барысында зооқорғаушылар 2023 жылы бір ер адамға қатысты сот процесі өткенін, оның қаңғыбас иттерді өндірістік көлемде етке өткізіп отырғаны туралы мәлімдеді.

Олардың айтуынша, бұл ет Астанадағы кейбір танымал дәмханаларға сатылған болуы мүмкін деген күдік айтылған. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары аталған дәмханалардың тізімін жариялауды талап ете бастады.

Аталған жағдайға байланысты Астана қаласының ветеринариялық қызметі пікір білдірді. Ведомство қаладағы қоғамдық тамақтану орындарында қаңғыбас иттердің еті пайдаланылғанын растайтын ресми дерек жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар олар елордада жануарлардан алынатын өнімдерге үнемі тиісті бақылау жүргізілетінін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз