Қоғам

Владимир Ким бір жылда 1,4 млрд доллар табыс тапты

ForbesKazakhstanжурналы 2019 жылдың қортындысы бойыншажылдың үздік кәсіпкерін жариялады. Ол – миллиардер Владимир КИМ.

Владимир Ким бір жылда 1,4 млрд доллар табыс тапты

Журнал «жыл кәсіпкерін»алты жылдан бері жариялап келе жатыр. Олардың қатарында экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ жақын серігі Болат ӨТЕМҰРАТОВ және күйеу баласы Тимур ҚҰЛЫБАЕВболған. 

58 жастағы кәсіпкерге2019 жыл аса табысты болыпты. Оны байлығы бір жылдың ішінде 1,4 млрд долларғаартқан. 2018 жылы дәулеті 1 млрд долларға көбейген еді. Былтырғы жылдың көктеміндересейлік олигарх Роман АБРАМОВИЧТЕН 900 млн долларға Чукоткадағы мыс кен орнынсатып алған. Владимир Ким үш жылдан бері қазақстандық байлардың көш басындатұр.

Фото: biznesbastau.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз