Әлеумет

Водовоз күткен ауыл

Моншасы бар ауыл халқы Балқаш қаласына жуынуға барады. Ал киімдерін көлге жуады екен.

Водовоз күткен ауыл
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Тораңғы ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы да, өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы да жәрдемдесе алмай отыр.60-70 үйі бар Тораңғыда үш жүзден аса адам тұрады. Көбі зейнеткерлер, көп балала отбасылар. Олар тәулігіне бір рет келетін водовозды асыға күтеді. Судың бір литріне 2 теңге төлейді. Кейде су тасығыш көлік сынып қалып, халық 20-30 шақырым жердегі Балқаш қаласынан су тасуға мәжбүр болады екен. Ол тек көлігі барлары. Ал, ат-көлігі жоқтар сусыз отырады.Былтыр ауылдың іші астаң-кестең қазылып су құбырлары тартыла бастан-ды. Жаңа жылды кранан келген сумен қарсы аламыз деп тораңғылықтар қуанған еді. Алайда, күндері тағы да водовозға қарайтын боп тұр. Себебі, шененуніктер құбырлармен қатар қосымша қондырғылардың керек екенін кеш білген.-Былтыр жазда құбырларды тартылғанымен биыл сол күйі жатты. Биыл бәріміз су берледі деп күттік. Берілмеді, бірақ біздің жергілікті «Тоқырауын тынысы» газетінде былтыр күзде «барлық үйдің кранында су ағып тұр. Су берілді» деген мақала шықты. Бірақ, ешқандай үйде су жоқ» — дейді Гүлжан МҰХТАРХАН  «Жас алаш» тілшісіне.Бұл мәселе бойынша әкімшілік тораңғылықтарды жинап, жиын өткізген. Шененуніктер көп созбай судың болмайтынын кесіп айтқан.-Бізді бір жинағанда су енді мүлдем берілмейді. Жаңағы құбырлар дұрыс қосылмаған дейді. Ал, облыс, ауданға есеп бергенде халыққа су краннан ағып тұр дейді.Сонда шененуніктер кімді алдап жүр?, — дейді Гүлжан.Жас Алаш тілшісі осыған орай Ақтоғай ауданы әкіміне қоңырау шалды. Жолда келе жатырмын дегене шенеунік орынбасарымен сөлесуді ұсынды.-Балқаш көлінің жағалауында үш жүздей адам орналасқан.Тораңғы ауданнан 220 шақырым жерде орласқан. Суды көлден алып отыр. 2011 жылы ол жерге көлден тартылған тұщы су қондырғысы орнатылған. Ал, онсыз көлдің суы ащы. Кейіннен 2014 жылы ол жерге проект жасалынған. Ол жаңағы тұщы су қондырғысынан кейін ғана алынған. Қондырғы орнатылғанда су берілген. Бірақ халыққа қондырғыдан тазартылған су ұнамады. Содан олар осы күнге дейін Балқаштағы Тоқырауын бассейнінен алып отыр. Суды көлден алып қондырғы арқылы тазарту деген бізде проблема. Біз енді қондырғының қуатын көбейте алмағандықтан халыққа су бере алмай отырмыз. Біз басында білген жоқпыз қуаттылықтың жетпейтіндігін. Жұмыс барысында ғана аңғардық. Енді қазір аудандық бюджеттен ақша тауып, насосын қойдырып, биылғы жылы амандық болса, тендрге бекітеміз. Қаңтардан кейін жасалынатын болады, — дейді Қайрат ҚОШТАЕВ. Құбырларды тартып қойғаннан кейін қосымша қондырғы керек екенін байқаған шенділер бюджеттен 5 млн 500 мың теңге алмақ. Соның арқасында қондырғысы сағатына 6 — 7 куб тазартуға қауқары жетеді екен.   Ал, 2011 жылы салынған қондырғының күші сағатына 3 куб қана су тазартқан. Ол барлық үйді қамтамасыз ете алмаған.Фото автордікі. 
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз