Руханият

WBO+IBF. Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жұдырықтасады

Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) IBF чемпионы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасады.

WBO+IBF. Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жұдырықтасады

Жекпе-жек 14 қазанда Хьюстон қаласы (Техас штаты) маңындағы Розенбергте орналасқан Fort Bend Epicenter-де өтеді. 

Әлімханұлы WBO титулын екінші рет қорғайды, ал Гуальтьери шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңіп, қол жеткізген IBF белбеуін алғаш рет қорғайды. Екеуі де титул біріктіретін жекпе-жекке алғаш рет шыққалы отыр. 

Қазақстандық боксшылар арасында Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов және Геннадий Головкин белбеу біріктіретін жекпе-жектерге қатысқан, бірақ Головкин ғана жеңіске жетті.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз