Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдар Татьяна Кимнің байлығын $3,1 млрд-қа азайтты
Forbes Ресейдегі ең бай 20 әйелдің жаңартылған рейтингін жариялады. Wildberries маркетплейсінің иесі Татьяна Ким тізімде бұрынғыдай бірінші орында тұр.
Алайда оның байлығы айтарлықтай қысқарған.
Ақпан айында Кимнің капиталы $8,1 млрд болса, қазір бұл көрсеткіш $5 млрд-қа дейін төмендеген. Яғни оның байлығы бір жылға жетпейтін уақыт ішінде $3,1 млрд-қа азайған.
Forbes мұны қор нарығындағы құлдыраумен және Wildberries қоймаларына жасалған дрон шабуылдарымен байланыстырады.
Жалпы, Ресейдегі ең бай әйелдердің жиынтық капиталы бір жыл ішінде $25,75 млрд-тан $18,95 млрд-қа дейін төмендеген. Осылайша олардың жалпы байлығы $6,8 млрд-қа қысқарған.