Қоғам

Wildberries негізгі қоймаларын Қазақстанға көшіреді деген ақпаратты жоққа шығарды

Wildberries пен Russ (RWB) бірлескен компаниясы негізгі логистика орталықтарын Ресейден басқа елдерге көшіреді деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Wildberries

Компанияның ресейлік ТАСС агенттігіне берген түсініктемесінде Ресейден тыс елдерде қойма инфрақұрылымын жедел кеңейту немесе негізгі логистика қуаттарын көшіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат бизнес-процестердің нақты жағдайына сәйкес келмейтіні айтылған. RWB мәліметінше, компания жұмыс істейтін барлық елде логистика инфрақұрылымын жоспарлы түрде дамытып келеді.

Жаңа қоймалардың құрылысы бұрын бекітілген кесте бойынша жалғасып жатыр. Бұған дейін ресейлік «Коммерсант» басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап, Ресейдегі логистика нысандарына жасалған дрон шабуылдары көбейгеннен кейін Wildberries Қазақстаннан ірі қойма орындарын іздей бастағанын хабарлаған еді. Ал Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі компаниядан мұндай өтініш түспегенін мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Wildberries қазір Қазақстанда шамамен 46 мың шаршы метр қойма алаңын жалға алып отыр. Сонымен қатар Алматы мен Астанада салынып жатқан екі ірі логистика орталығын 2027 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз