Аймақ

Зағип жандардың мәселесін кім шешеді?

Қызылордадағы әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй-жайлар қоларбаға таңылғандар үшін кіруге қолайсыз болып тұр.

Зағип жандардың мәселесін кім шешеді?

Есту қабілетінен айырылғандардың бас қосатын орны да ескірген. Өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігі шектеулі жандарға қиын соғуда. «Мүгедек  санаттағы адам­дарға  барлық мүмкіндікті жасау қажеттігі президент жолда­уында айтылған болатын. Олар­дың өмір сүру сапасын арттыру және құқықтарын қамтамасыз ету бағытында 2025 жылға дейінгі аралықты қамтитын ұлттық жоспар бекітілді. Жоспар аясында өңірде мүге­дектікпен есепке алынған жандарға көрсетілетін қамқор­лық аясы кеңейіп, ауқымды ша­ралар атқарылып келеді. Бү­гінде осы мүгедек санатта 30 мыңнан астам адам бар. Оларды қолдау мақсатында биыл былтырғыдан 1,5 есе көп қаржы бөлінді», – деген еді  облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

       Өңір басшысының айтуынша, бі­ріншіден, жүріп-тұруы қиын адам­дар үшін әлеуметтік нысандардың қол­жетімді бо­луы маңызды. Жергілікті ин­фра­құрылым бұған әлі то­лық бейімделмеген. «Nur Otan» пар­тиясы қабылдаған «Ке­дер­гісіз келешек» бағдарламасы ая­сында жұмысшы топ тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Бірақ кемшілік әлі бар. Мүмкіндігі шектеулі адам­дарға керек тауар және қызмет түрлерінің тендерге түсуі 2025 жылдан бастап тоқтамақ. Оның орнына олар портал арқылы қолжетімді болады. Үшіншісі – жұмыс берушілердің арнайы квота бөлуі. Заңда тайға таңба басқандай көрсетілгенімен, та­лап­тың орындалуы тасада қалуда. Өт­кен жылы қоларба сыятын авто­бустар мен вагондар сатып алынды. Барлық ауданда инва­такси бар. Қызылорда қала­сы бойынша тағы төртеуін алу жос­пар­ланып отыр. Әлеуметтік пә­терлер құрылысы жалғасын табуда. 1 тамыз күнгі мәліметке сүйенсек, 528 қызылордалық еңбекпен қамтылды. Соның тек шамамен 10 пайызы тұ­рақ­ты жұмыста. Кәсіпке ден қой­ғандар үшін мемлекеттік грант, несие беру жолға қойылған.

      Солай десек те, шешімін таппаған жайт­тар да аз емес. Оның ішінде  әлеуметтік нысандар мен жолдардың ар­ба­дағы адамдар мен зағип жан­­дар үшін кедергі кел­ті­руі, мүгедектерді тұрақ­ты жұ­­мыс­пен қамту, жергі­лікті мәслихаттар мен қоғам­­­дық ке­­ңестерде олардың сөзін сөй­лейтін тағдырлас жандардың болмауы сияқты мәселелер бар.

       «Қазақ соқырлар қоғамы» 80 жылдан астам тарихы бар ұйым ғимаратының сапасы сын көтермейтінін жеткізді. Ұйым мүшелерінің қолынан шыққан төсек-жабдық пен киім-кешекті өткізудің қиындығы өз алдына. Өңірде 1200 көз мүге­дегі бар. Соның ішінде ІІ топ­тағылардың жағдайы мәз емес. Оларды кез келген ұйым жұмысқа ала қоймайды. Жәрдемақылары да мар­дым­сыз. Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүре алмайды. Осын­дай мәселелердің шеші­луіне кім ықпал жасайды? Сондай-ақ сол ғимарат база­сында арнайы компьютерлік курс ашу қажет. «Құлағының мүкісі бар 800-ге тарта қызылордалыққа ар­налған ғимараттың есік-терезесі әбден ескірген. Бір-бі­рімен кез­десіп, проблемаларын ортаға салатын орын жоқ. Содан да көшіп-қонып жүруге мәжбүр», – деген өңір басшысы аталған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру туралы орын­басары мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар 

Тегтер: Без Тега
Миуа Байназарова
Миуа Байназарова Миуа Байназарова

Оқыңыз