Зайсанда сәби өлімі көбейіп кетті
Осыданбіраз күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласындағы перзентханада жаснәресте шетінеп кетті.
Туғанына бір тәулік те толмаған баланың анасыныңайтуынша, өліміне тікелей дәрігерлердің жауапсыздығы себеп болған. Жалпы бұлжыл басынан бергі Зайсан ауданында тіркелген бесінші қайғылы жағдай екен.
Мақсатымызқыршынынан қиылған бұл бүлдіршіндердің өлімін сүйіншілеу емес. Солардыңарасындағы алғашқы баласын сүймек болған жап-жас ананың жан айқайын жеткізу. АйткүлХУАНБЕКҚЫЗЫ тұрмысқа былтырғы жылдың желтоқсанында ғана шығыпты. Тоғыз айданкейін толғағы қысып, тамыздың екісі күні жедел жәрдем шақыртқан. Сол сәтте-ақ,Зайсан қаласындағы перзентханаға да дереу жеткен. Дәрігерлер қарап, ауруханатөсегіне жатқызғанымен жаны қатты қысылыпты. Көңілі де алай-дүлей болғанынжасырмады.
Жасана келер күні кешкі сағат жетілердің кезінде аман-есен босанған. Бірақбаласының басы ісіп туған екен. Алладан алғашқы баласының амандығын қаншасұрағанымен, нәрестесінің үні шықпай, дүниеге тұншығып келіпті. Міне, бармәселе осы жерден басталған...
Айткүл ХУАНБЕКҚЫЗЫ: – аурухананың жарығы өшіп қалды. Ондай кездеқосылатын дизельді генераторлары да қосылмады.
… Дәрігерлердіңбізге берген сұхбатындағы сөзіне сенсек, жарықтың жарық дүниенің есігін ендіашқан сәбидің өліміне еш қатысы жоқ. Нәрестенің жағдайы өте ауыр болған.Реанимациялық көмек көрсетіліп, арнайы аппаратқа жатқызылған.
– Баламды апарып аппаратқасалды. Оңала бастады. Алғашында қолы қозғалды. Одан кейін барып қарағанымдааяғы қозғалып жатыр екен. Таңғы сағат бес жарымда тағы да бардым. Қасындақарайтын дәрігер жоқ. Балам үшін алаңдап, жанындағы бөлмеге кірсем медбикеұйықтап жатыр. Оятып, жанында болу міндеті екенін айтқанымда – міне баражатырмын – деп, шығып кетті. Ол ол ма? Таңғы сағат жетіден кейін электр жарығы өшіпқалды. Сол уақытта екі медбике дәрі іздеп, дәлізде арлы-берлі жүгірді. Баламшетінеп кетті,– дейді Айткүл.
Жасана жүктілігін білген күннен бастап, тіркеуде тұрған екен. Дәрігерге де тұрақтықаралған. Облыс орталығы Өскеменге екі рет барып, арнайы аппаратта тексеруден өтіпкеліпті. Баламның да өзімнің де денсаулығым жақсы болған дейді. Гемоглобин менқан қысымының тұрақты болғанын да дәлелдеп бере аламын деп отыр.
Ақхалаттыларартық ештеңе айтпады. Реанимациялық көмек көрсетілгенін, баланың жағдайы өтенашар болғанын жеткізді. Түнімен кезекші дәрігерлердің тыным таппай қарағанын,жарық өшкен кезде де көмек көрсету тоқтамағанын алға тартты.
– Бізге жарықтың өшетінін ешкім ескерткен жоқ. Электр тоғыөшті деп маған хабарлап айтты. Мен келсем жарық қайтадан қосылып қойыпты. Қаншауақыт өшіп тұрғанын білмеймін. Өзімізде дизельді генератор бар. Бірақ онықосқанға дейін жарық жанған екен. Нәрестенің өліміне жарықтың өшуі себеп емес.Өскеменнен санавиация шақыртқан болатынбыз. Сол күні таңертең сағат онда облысорталығына алып кетулері қажет еді. Бірақ оған жетпеді– деді, Зайсан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарыШакизат ЖАҚЫПБАЕВА.
ЖАЛҒАННЫҢ ЖАРЫҒЫН КӨРУГЕ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ КЕДЕРГІ МЕ?
Жарықтың өшетінін ешкімескертпеді деген дәрігердің сөзінен кейін, Зайсан электр желілері мекемесініңбасшысына қоңырау шалдық. Ондағы бар мақсатымыз, бала өліміне ақхалаттыларемес, электр желісіндегі ақау ма? – еді, деген ой ғана еді.
– Ия, тамыздың төрті күні таңғы сағат 7.20-дан 7.30-ғадейін жарық өшкен. Апатты жағдайлар көп болады. Мысалы найзағай түседі. Тағы дабасқа жағдайлар болады. Апатты жағдайлардың болатынын ешкім білмейді ғой. Алтайэнергоның жарығы өшті екен деп, барлық адамды қырып тастай ма? Олар дизельдігенераторды қосуы керек болған. Өздерінде 30 килобайттық дизельді генераторларыбар. Тіпті аптаматты түрде қосылуы керек қой. Олай неге қосылмағанын менбілмеймін. Егер біздің желіде қандай да бір апатты жағдай болса, бір тәуліккедейін жарық бермей қоюымызға болады. Өйткені, оларда осы уақытқа дейін қосымшаэлектр тоғын беретін қондырғы тұр. Оны неге сол он минутта пайдаланбады. Мінемендегі журналда аурухананың жауапты жеке электршісі Нұрлан Мұхамедрахимов депжазулы тұр –деді, Зайсан электржелілері мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жанат БАЙҒОЗИН.
Айткүл Хуанбекқызының нәрестесішетінеп кеткен соң Өскеменнен эксперттер барып, сараптама жасалған екен. Бірақоның қортындысы әлі шықпаған. Дәрігерлердің салғырттығы деп сенген жас отбасы,анық-қанығына жету үшін құқық қорғау органдарына арыз да берген.
Дәл осы қайғылы жағдайданкейін, аталған перзентханада тағы да бір сәби шетінеген. Оның да жайын білмеккетырыстық. Бірақ, Зайсан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарыШАКИЗАТ ЖАҚЫПБАЕВА: – мен ештеңенібілмеймін. Ол туралы айта алмаймын – деп, қысқа қайырды.
Алайда, өзге қайтыс болғанбалалар жайлы саусағын санап тұрып жеткізді. Айтуынша, оған өздері кінәлі емескөрінеді. Әрі олар жаңа туған нәрестелер емес. Бір жасқа дейінгі қайтысболғандардың қатарындағы қара тізімге енген. Екеуі Өскемендегі ана мен балаорталығында және біреуі Нұр-сұлтан қаласында қайтыс болған. Осылайша, ат-тонынала қашқан ақхалаттының сөзінде әйтеуір, толып жатқан қарама-қайшылық...