Зайсандық шаруалар неге зар илеп жүр?
Қырдағы қарапайым шаруаның көктемде жеріне егін егіп, күзде өнім пайдасын көруі жылдан жылға қиындап барады.
Себебі, үкіметтен болатын қаржылай қолдауға дер кезінде қол жеткізу қиын, субсидия алу арманға айналғалы қашан. Фермердің дәл осы сәттегі мұқтаждығын «инвестор» атын жамылған шетелдік қаржы компаниялары ұтымды пайдаланып қана қоймай, оны қарыз құрсауында қалуының небір құйтырқылықтарын жасауға ұмтыла бастапты. Әсіресе, атқарушы билікке күлшелі баладай сүйкімді көрінетін Қытайдың қарыз беру саясатын өте шебер игерген сол елдің қаржылық ұйымдары қазір отандық фермерлерді қыруар қарызға кіргізіп, құлдық қамытын кигізуге қамданып жатыр.Мұның нақты мысалын Шығыс өңірдің Зайсан ауданындағы 37 фермердің aтынан «Жас алаш» сайтының тілшісіне хабарласқан Әлібек МҰҚАШЕВПЕН жүздесіп, әңгімелесу барысында анықтадық. Қытайдың «МерейАгро» ЖШС өткен жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарын аралауға шыққанда Зайсан қаласына да келген екен. Мақсаты – жылдамдатып егін салуға қамданып жатқан шаруалар болса, оларды соя егуге үгіттеп қаржылай несие үлестіру. Әрине, тегін жатқан ақша жоғы белгілі болғанымен, ауылшаруашылығын қолдауға берілетін кредиттің өзіне қол жеткізе алмай жүрген зайсандық шаруалар үшін бұл мүмкіндік көктен іздегені жерден табылған олжадай көрінгені рас.
-Жасыратын несі бар, өзім отбасылық жағдайыма байланысты Алматыда тұрып жатқаныммен, Зайсанда алған жерімді тіршілік көзіне қалай айналдырам деген ой үнемі мазалайтын. Сол кезде зайсандық азаматтардың бірінен, Алматыда бір қытайлық компанияның жер емгендер үшін ақша таратып жатқанын естідім. Офисі де Алматыда екен. Барсам, жанында он шақты қытайы бар «АгроМерей» ЖШС басшысы Мерей СІЛӘМҰЛЫ деген қазақ екен. Олар маған несиеге қатысты келісім-шартты көрсетті. Байқағаным біржақты жасалыпты. Осыны өздеріне айттым. Оның үстіне біз көктемде салатын сояның өнімін күзде сатып алу бағасы тоннасына 75 мың теңгеден деп көрсетіліпті. Ал бізге беретін ақшасы гектарына 50 мың теңгеден. Бірақ, сояны күзде орып алуға комбайн өздерінен шығатындығы көрсетілгендіктен, бұны аса олқы санамадым. Оның үстіне Зайсан аудандық әкімдігімен мен барғанға дейін комбайн беретініне сендіріп, 36 қожалықпен келісімге отырғандарын айтты. Кейіннен серіктестіктің комбайн өздерінен болатыны басқаша өрбіді. Алдымен үш комбайнды Қытайдан Зайсан шекарасында орналасқан «Майқапшағай» кедені арқылы өткізді. Зайсанға келген соң үш комбайнның біреуін қалдырып, екеуін Алматы облысына да соя егілген жерлерге апаратындығын айтып алып кетті. Бізге берілген бір комбайн несие алған 37 шаруа қожалығына тиесілі 5 мың гектар жерді шауып үлгермейтіндігін қанша айтсақ та «Мерейагро» өкілдері тыңдаған жоқ. Ақыры соттасуға тура келді. Соттың өзі «Мерейагроның» ықпалымен бе екен, сонау Талдықорғанда өтті. Сотта Зайсан аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Мұратхан ҚИМАЗАНОВ Қытайдың «Агромерей» ЖШС басшысы Мерей Сіләмұлы зайсандық соя еккен шаруаларды комбайнмен қамтамасыз етуді мойнына алғанын айтты. Бірақ, Талдықорған қаласында өткен сотта судья оны ескерусіз қалдырды,-дейді «Досхан –тур» ЖШС директоры Әлібек МҰҚАШЕВ.Әлібек Кәрімұлының айтуынша, зайсандық шаруаларға қалдырылған бір комбайнның өзі сояны толық ормаған. Көбіне түнгі мезгілде сояның өзін комбайн орағы 40 сантиметрден төмен ормай қалдырып отырған. Соның салдарынан барлық шаруаның да егістік алқаптары шала орылғанымен қоймай, өздерін шығынға ұшыратып кеткен.Мәселен, «Ердос» шаруа қожалығының басшысы Мәуліт КАМАЛБЕКОВА о баста «Мерейагродан» 5 млн. теңге несиеге алған.
-2016 жылы Өскемендегі тұқым орталығынан бір тонна соя тұқымын әкеліп, өнімінен пайдасы ретінде бір млн теңге тапқам. Жасырып қайтейін, «Мерейагро» ЖШС соя егуге несие беріп жатқанын ести сала асықтым. Зайсан аудандық ауылшаруашылығы бөліміне бар жоғы үш құжатты – жер меншігі жөніндегі акт, жеке куәлік, шаруа қожалығы куәлігінің көшірмелерін өткіздім. Бар-жоғы бір апта өткенде 5 млн. теңге қаражат қолыма тиді. Яғни, бұл 100 гектар жеріме егілетін сояның қаражаты болатын. Алдық, ектік, күз келді. Таңқалғаным, бізге бір-ақ комбайн ғана бұйырыпты. Менің егіндігіме келген қытай агрономы өнімнің жақсы екенін айтып, бір түп сояның дәнін санап, бас бармағын көрсетіп, «мықты өсіргенімді» меңзеді. Бірақ та оны қайтейін, комбайн маған келмей қалды. Шабатын уақыт жеткенде комбайн Тасқын МҰСТАФАНЫҢ егістігінде батып жатыр екен. Барып шақырсам, «Сіздің жеріңіз тегіс емес» деп шықты. Сондықтан, бара алмайтынын айтты. Осы уақытқа дейін мұндай сөз болмаған. Шаппайтынын ашық айтты. Бұл кезде қазан айының 20 –ынан асқан болатын. Айтып, айтпай не керек, еңбегім еш, тұзым сор болды.Осылайша күйінген кәсіпкер ана өзінің небары бір гектар сояны ауыл азаматтарын жалдап, шалғымен орғызғанын да айтты. Есесіне, гектарына 2,5 тонна соя алып, малына жем орнына беруіне тура келген. Бірақ, бұл қытайлық «МерейАгро» ЖШС алдындағы қарыздан құтылуға астар бола алмайтынын айтып уайым шегіп жүрген жайы бар.«Тасқын-Жалғас» ШҚ атынан келген Тасқын Мұстафаның да «МерейАгро»-ға деген наразылығы батқан кештен атар таңға дейін жетерлік.
-Өткен жылдың сәуір айында «МерейАгро» серіктестігінің басшысы ретінде Мерей Сіләмбекұлы деген ұлты қазақ Қытай азаматы келіп, аудандық әкімдікпен келісім жүргізгенін айтты. Қытайша білетіндіктен, олардың сөз ыңғайынан қала басшылығымен де келіскендігін аңғардым.Сояны шапқан кезде не себепті комбайн шалғысын түсірмейтіндігін сұрадым. «Бұл комбайн 100 млн. теңге тұрады. Қазақстанда ол табылмайды» деді. Және де «МерейАгро» тағы бір Қытай компаниясы – «Керуенагромен» келісімге келген. «КеруенАгро» «АгроМереймен» келісім шартында соямен емес, гектары бойынша келіскен. Комбайн «КеруенАгроға» қарасты болғандықтан шығар, олар шалғыны көтеріп, оруды толық орындамай, шала –шарпы өтіп отырды. Сондықтан, сотқа 37 шаруа қожалығын емес, «КеруенАгроны» беру керек еді. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, кеткен шыңғындарын шаруа қожалықтарынан өндіріп алмақ,-дейді Т. Мұстафа. -Бұл соя мәселесі әбден жауыр болды. Бұл туралы біз Парламенттің Мәжіліс депутаттары мен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне де айттық. Бірақ, нәтиже шамалы. Зайсан қожалықтарының алты айда қол жеткізген нәтижесі кезекті сот отырысының ШҚО сотына өткендігі ғана. Яғни, Талдықорғандағы сотта Алматы облыстық сотының төрағасы Таймерденовтің қарамағындағы судьяның әділ шешім шығара алмағандығына бір дәлел осы. Осыған да қанағат етеміз. Негізі, менімен «Досхан-турдың» директоры ретінде ғана емес, осы 37 ШҚ бастаушысы ретінде «Мерей Агро» 2017 жылы жеке бөліп алып, өзіммен соттасқан. Сол кезде-ақ Талдықорған соты ШҚО-ға аудару керек еді. Бірақ, олай болған жоқ. Менімен Талдықорғанда соңына дейін соттасты,-дейді Әлібек Мұқашев.Жалпы, осы наразылық барысынан ұққанымыз — «Мерей Агро» ЖШС-нің «төрткіні» Қытай болғандықтан, ар жағында әлдебір құйтырқы қулық жатқан сияқты. Себебі, зайсандық кәсіпкерлерге бар-жоғы бір апта ішінде қажетті қаражат бере қойған серіктестік басшылығы «Егер бізбен бірлескен құрамға өтуге келіссеңдер қарыздарыңды алып тастауға болады» деп жымысқы «қамқорлығын» білдірген. 37 шаруаның «МерейАгродан» алған қаражатының жалпы сомасы- 260 млн. теңге. Осы қаражатты отандық кәсіпкерлерге мемлекетттік бағдарлама арқылы Үкімет жылдам беруге неге қауқарсыз? Осы қауқарсыздық салдарынан зайсандық шаруалар енді қытайлық компания құрған қарыз қақпанынан қалай құтылып шығарын білмей дал боп жүр.Көз алдарында аудандағы шаруа қожалықтарының Қытай серіктестігінен қарыз алып, тіршіліктері қожырап қалғанын біле тұра Зайсан аудандық әкімдігі де қол ұшын беруге дәрменсіз. Зайсан аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мұратхан ШАЙЗАТҰЛЫ да тығырықтан шығар нақты жол барын айта алмай, қипақтап қалды.
-«МерейАгро» басшысы Мерей Сіләм бастаған екі-үш инвестор бізге келіп, аудандағы шаруа қожалықтарына қаржылай қолдау көрсететіндіктерін айтқанда, қарсы болмадық. Тіпті, үйіп-төгіп техникасы мен комбайндарын да әкелетінін айтқан. Біртіндеп миллиондап ақша тарата бастағанда олардың өкіліне жері үлкен, қайтара алатын жағдайы бар, қолынан күрегі түспейтін фермерлерге ғана беру қажет екенін айттым. Алайда, дәл егін орағы басталғанда олар бар-жоғы үш комбайн алып келді. Оның екеуін Талдықорғанға ала кетті де мұнда біреуін ғана қалдырды. Онысы батып қалып, неше күн жатты. Аудандағы жеке кәсіпкерлерге өтініш айтып жүріп, солардың тракторларының күшімен әрең шығарып алдық. Ол кезде қазан айының ортасынан ауып кеткен болатын. Осы жағдайды сотта айтқаныммен, менің сөзіме судья назар аударған жоқ,-дейді М. Шайзатұлы.«Соя егіп соңы дауға айналған бұл жадайдың түбі қайда апарады?» деп нақты сұрақ қойғанымызда кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы: «Әлеуметтік наразылыққа әкелуі мүмкін» деп шындықты айтпасқа амалы қалмады.Басты фото: alau.kz