Зардап шеккен кеншілердің жағдайы мәлім болды
Шахтинскі қаласындағы Ленин атындағы шахтада болған апат кезінде зардап шеккен төрт кеншінің жағдайы белгілі болды.
Дәрігерлер ауруханаға метан газынан уланып таңертен түскен екі кеншінің жағдайы қазіргі кезде оңалып келе жатқанын жеткізді. Жұмысшылардың екеуі палатаға ауыстырылды. Ал, дүмпу шыққан шахтадан соңыра жеткізілген екі кеншінің қалі ауыр. Ақ желең иелері оларға түстен кейін ота жасалатынын айтты.
Кеншілер Мақажанов атындағы көп салалы аурухананың токсикология бөлімінде емделіп жатыр.