Саясат

Зейнетақы жинағын пәтер алуға беру жақсы бастама

Азаматтарға зейнетақы қорларында жинақталған қаражаттарына пәтер сатыпалуға мүмкіндік беру жақсы бастама.

Зейнетақы жинағын пәтер алуға беру жақсы бастама

Мұндай пікірді саясаттанушы Ерлан САИРОВбілдірді.

«Еліміздеәлеуметтік мәселелер өте көп. Оны жасырудың да жөні жоқ. Қазақ: «Ауруынжасырған өледі» дейді. Сол көптеген күрмеуі көп әлеуметтік мәселелерді шешудіңбелгілі бір рецептілері Жолдауда айтылды. Негізі ол рецептілер жеткілікті.Мысалы, зейнетақы жинақтарын айтсақ болады. Оның белгілі бір  бөлігінпәтер алуға немесе балаларын оқытуға жұмсау мәселесі. Бұл өте жақсы бастама», — деді Ерлан Саиров.

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына орай пікір білдіре келе.Дегенмен, ол зейнетақы жинақтарын пәтер сатып алуға немесе балаларын оқытуғаалу мәселесін әлі де болса қоғаммен бірге талқылау қажеттігін баса айтты.Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсауын реттеуді тапсырған еді.

«Үкіметке жыл соңына дейін жұмыстағы азаматтардыңзейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын.Мысалы, баспана сатып алу үшін немесе білім алу үшін. Шығындарды азайтып,активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсарту үшін Үкіметке бюджеттікжүйені шоғырландыру мәселесін зерделеу, әлеуметтік қамтамасыз етуде бірыңғайәлеуметтік қор мен бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу жүктеледі», — деген едіҚазақстан Президенті.

Дереккөз: inform.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз