Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:18, 06 Қыркүйек 2024

Зеленский мен Макрон қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты талқылады

в
Фото: aa.com.tr

Украина президенті Владимир Зеленский француз әріптесі Эммануэль Макронмен телефон арқылы «ұзақ» сөйлесті, деп жазады Anadoly агенттігі.

«Рамштейн форматындағы байланыс тобының кездесуі қарсаңында біз қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру, Франциядан әскери көмектің жаңа пакетін дайындау және қару-жарақты бірлесіп шығару мүмкіндігін талқыладық. Ол КАБ және зымыран тасығыштары ұшатын аэродромдарға тағы да соққы беру үшін серіктестерімізден шұғыл рұқсат алу керектігін, сондықтан бұл мәселеде одақтастарымыздың бірлігіне сенетінімізді атап өтті», - деді Зеленский.

Зеленский әріптесіне Украинаның әуе қорғанысы, электронды соғыс, броньды техника және артиллерия сияқты негізгі қажеттіліктері туралы хабарлады.

«Біз одан әрі байланыстар туралы, соның ішінде екі жақты қауіпсіздік туралы келісімді де, Украина қауіпсіздік келісім шартының бірлескен тетігін жүзеге асыруға қатысты да келістік», - деді ол.

Зеленский «Украина Францияның адам өмірін қорғаудағы қолдауын жоғары бағалайтынын және одан әрі ынтымақтастықты күтетінін» айтты.