Әлеумет

Жайлымсыз қалған Кенесары ауылы

Ақмола облысы,Бурабай ауданындағы Кенесары ауылыныңтұрғындары малдарын өріске шығара алмай отыр.

Жайлымсыз қалған Кенесары ауылы

Көктемгі су тасқыны жайылымғашығар жолды басып кеткен. Бұл туралы Ақмола облысындағы Жас АЛАШ тілшісі хабарлайды.

Қылшақты өзені деарнасынан тасып отыз шақырым жердегі Көкшетау қаласына жақындап келеді.

Кенесары ауылындағықырға мал шығаратын тоғандағы жалғыз бөгет жолды 2017 жылы тасқын жарып өткенболатын. Кейін ауыл тұрғындары мен төтенше жағдай басқармасы жұмылып құмсалынған қапшықпен қалап, мал өтетін жол салған. Алайда, араға екі жыл салып, бұлбөгетті де тасқын бұзып өтті. Көктем келіп, аузымыз көкке тиді деген уақытта  Кенесары ауылының тұрғындарына малдарын әлі  қораларында ұстауға мәжбүр.

«Міне қазір нағыз керек уақытында жолымыз бітеліп қалды. Оныңүстінен енді малды өткізе алмаймыз. Жолдың арғы жағында зиратымыз бар. Алласақтасын, біреу қайтыс болса, оған да апарып қоя алмамыз», –дейді Кенесарыауылының тұрғыны Қозыбек НАЗАРОВ.

«Күн жылғанына 5-6 күн ғана болды. Соның өзінде бұзыпжатыр. Әлі қардың сексен пайызы бар ерімеген», – дейді тағы бір ауыл тұрғыныЖамақай ҚЫЛЫШБАЙҰЛЫ.

Бұл тоғанжетпісінші жылдардың басында егістік пен мал суарымы үшін салынған екен. Осыуақытқа дейін тасқынның мұндай алапат күшін көрмеген тұрғындар енді бірте-біртежыраның іргесі сөгіліп, үйімізді ойрандата ма деп қауіптенеді.

«Негізінде бұл тоған республикалық "Қазводхоз"мекемесінің меншігінде. Ондағылармен сөйлескенімде, биылғы жылы күрделі жөндеужүргізу үшін құжаттар дайындап жатқандығын айтты», – дейді Кенесары ауылыныңәкімі Әлімжан АХМЕТОВ.

Әкімнің айтуынша,су деңгейі түскенше малды арғы бетке шығаруға мүмкіндік жоқ. Бөгетті жарып, Қылшақтыөзенінің жалғасына аққан асау ағын Көкшетау қаласын әбігерге салуы мүмкін дегенболжам бар.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз