Саясат

«Жәкішев 99 миллиард қарызын қайтаруға ұмтылған жоқ...»

Семей қалалық №2 сотының судьясы Ермек ШЫМЫРОВТЫҢ МұхтарЖӘКІШЕВТІ жазасын мерзімінен бұрын өтеп шығуға берген өтінішін қабылдаудан бастартқаны туралы үкімі көпшіліктің ашу-ызасын тудырды.

«Жәкішев 99 миллиард қарызын қайтаруға ұмтылған жоқ...»

Судья Шымыровтың сөзінесүйенсек, Жәкішевтің «қаржы жымқырды» деген айып тағылып, мемлекет алдындағықарызының 99 миллиард теңгені құрағаны оның жазасын жеңілдетуге жол ашаалмайды. Жәкішевтің адвокаты Нұрлан БЕЙСЕКЕЕВТІҢ тәулік бойы оның денсаулығынашарлағаны, гипертония сырқаты туралы айтқандары да судьяның жүрегін жібітеалмаған сыңайлы. Шымыровтың тап осы сәттегі кейпі әділ үкім шығаратын сотсудьясынан гөрі «жоғарыдан түскен» нұсқауды орындайтын бағынышты халдегіқызметшіге ұқсады. Судья сөзін аяқтап болысымен, «Позор! Сотта әділдік жоқ!»,«Ұлт сатқынысың!» тіпті, «Ты убийца!» ден қызбалана айғайлағандардан құлақтұнды. Сот қызметкерлері ашуланғандарды сабырға шақыруға қанша тырысқандарыменешкім құлағына ілген жоқ. Судья болса, залды жылдам тастап шығып кетуге мәжбүрболды.

Сонымен Семейдегі 11 колонияда жазасын өтеп жатқанЖәкішевті түрмеден шығарудың жөні жоқтығы ақылға сыя ма? Осы сот процесінеЕлордадан әдейілеп келген қоғамдық белсенді Мұхтар ТАЙЖАНДЫ сөзге тарттық.

«Дәлосылай аяқталады деп күтпеген едім. Үлкен үмітпен келген болатынмын. Айтарғасөзім таусылып тұр. Мен үшін өте өкінішті болды. Бірақ, ары қарай аппеляциялықсотқа шағымданып, әрекеттене беру керек. Алматыда Кузнецов деген кісі өлтіргенқылмыскерді бір жарым жылдан кейін бостандыққа шығарып жіберді. Ал 14 жылғасотталған Жәкішев он жыл өмірін түрмеде өткізді. Жазасын өтеу мерзімінің теңжартысынан әлдеқашан асты. Мен жаңа адвокатымен сөйлестім, ол қаншама дәлелдеркелтірді оны қорғай алатын. Сот оның ешқайсын да қаперіне алған жоқ. Солсебептен де Жоғары сотқа аппелияциялық шағым түсіруіміз керек. Мұхтар Жәкішевшындап келгенде түрмеде отыруға тиіс адам емес», — дейді М. Тайжан.

Сот процесінен кейін Семей қалалық №2 сотының төрайымы Жанат ӘБЕНОВА мен судья Ермек Шымыров БАҚ өкілдерімен арнайы баспасөзмәслихатын өткізді. Әбенованың айтуынша, М. Жәкішев мемлекетке келтіргеншығындарын қайтаруға ешуақытта ұмтылмаған. Ал, Ермек Шымыровтың сөзіне сенер болсақ,Мұхтар Еркінұлының бостандыққа шыға алмауының тағы бір себебі жазасын өтепжатқанда марапаттар алуы азайып кетіпті. Яғни, 2016, 2017,2018 жылдары тәртібінтүзеп, жұмысқа деген ынтасын арттырып жақсы қырынан көрсетуге аса ынталанбапты.Шымыровтың сөзінше, Жәкішевтен тек «ҚазАтомпром» ғана емес, одан бөлек бесөндіріс орын зардап шеккен көрінеді. «Сонда олардың бәрінің қаржысы тоналуынажалғыз Жәкішев қана кінәлі ме?»  дегенсауалымызға Әбенова мен Шымыров «Дәл солай. Тек қана Жәкішев кінәлі» деп қосарланажауап берді.

Фотоларавтордікі.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз