Жәкішевті қолдағандар Өскеменде көшеге шықты
МұхтарЖӘКІШЕВКЕ бостандық! Бүгін Өскеменде қолдарына плакат ұстаған бір топ азаматосылай деп, көшеге шықты.
Адам көп жүретін Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Абайдаңғылдарының қилысындағы «Даниел» сауда үйінің алдына жиналғанбелсенділер, бұл әрекеттерін фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей жариялап,өзгелерден қолдау күтті.
Әлеуметтікжеліде жарияланған бейне жазбадағы сөздерге мән берсек, бұл азаматтарНұр-сұлтан мен Семей сынды өзге қалалардан келген. Жергілікті жердегі азаматтарда қолдау білдіргенге ұқсайды. Сөз алғандар:
— Мұхтар Жәкішев жазықсызтүрмеде отыр. Оған тағылған айыптардың бәрі жалған. "Қазатомпром" басшысы болыптұрған кезде еліміздің уран өндірісінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Азуақыттың ішінде әлемнің дамыған елдеріндегі өндірістерімен санасатындайдеңгейге алып шықты. Ғылыми атағы да бар азаматтың еліміздің дамуы үшін жасағанеңбегі ерекше. Бірақ бұл еңбегі ескерілмей, міне 10 жылдай уақыты түрмеде өтті.Жазықсыз түрмеде отыр. Біз әділдік іздейміз. Шындықтың орнағанын қалаймыз,– деді.
Сондай-ақ,сөйлегендер Мұхтар секілді білімді азаматты қамауда ұстау ұлтымызға жасалғанүлкен қиянат деп біледі. Ол қылмыскер емес, оны абақтыда ұстауқылмыс екенін айтты. Тіпті Жәкішевтің қазақ елі, өз отанын сонша жақсы көргенінқомақты ақша ұсынып, АҚШ-қа жұмысқа шақырғанда бас тартуынан анық аңғаруғаболады.
Осыуақытта полиция қызметкерлері мен қалалық әкімшілік қызметкерлері де қарапжатпады. Қала әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері жиналғандарғатүсіндіру жұмысын жүргізуге тырысып бақты.
Айтакетейік, жиналғандар ертеңгі болатын сотта Мұхтар Жәкішев босап шықса дегенниетпен келгендер. Өйткені осыған дейін Жәкішевтің жақтастарының жазған арызыбойынша облыстық сотта Мұхтардың ісі қаралады. Өткен айда Семей қалалық соты мерзімінен босап шығуын сұраған өтінішін қанағаттандырмай тастағанболатын. Одан кейін облыстық сотқа шағымданғандардың арызы бойынша қаралатын істіңалғашқы белгіленген уақыты өзгеріп, қыркүйектің 10 күні сағат 16.00ауыстырылған болатын.
Фотолар автордікі.