Қоғам

Жалған ақша жасап, қару-жарақ сатқан: ҰҚК қылмыстық топтың ұйымдастырушысын ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді.

Жалған ақша жасап, қару-жарақ сатқан: ҰҚК қылмыстық топтың ұйымдастырушысын ұстады

Ведомство мәліметінше, қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасының жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. 

«Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталды. Қылмыскерлер жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолдануы олардың әрекетін әшкерелеуде қиындық туғызған», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды.

«Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару – «Калашников» автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды», — делінген хабарламада.

Ұсталған адам қылмысын мойындады және ҚР ҚПК 128-бабы негізінде сот рұқсатымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз