Live

Жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған

Жалғызбасты ананы көлікпен қағып, өліміне себеп болған әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған және ол көлік жүргізу бойынша оқудан өтпеген.

1

Бұл турвлы ҚазТАГ жазды.

«Көкшетауда 52 жастағы әйелдің өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Көлік тізгіндеген әйелге қатысты жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында әйелдің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және тиісті оқудан өтпегені анықталды. Ал оның жұбайына, яғни автокөлік иесіне қатысты көлік басқару құқығы жоқ адамды рөлге отырғызғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

11 мамыр күні Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Аталған қылмыстық істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін қаладағы шағынаудандардың бірінде болған адам өліміне әкелген жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді. Кадрларда жол талғамайтын көлік бұрылыста әйелді қағып кетіп, тоқтағаны көрінеді. Ал жәбірленуші көліктің астында қалған.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

10 мамыр күні  жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің ұсталғанын хабарлаған болатын.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз