Саясат

Жаманқұловтың жеңісі

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстанның театрқайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВТЫ қабылдады.

Жаманқұловтың жеңісі

Бұл қабылдауды Халық әртісі Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢжеңісі деп қабылдауымызға болатын сияқты. ЭКС-мәдениет және спорт министріАрыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫМЕН алысып, «Қазақфильм» тарапынан «Феникс» фильмінтүсіру кезінде ақша жеді деп айыпталған Жаманқұлов қамауға алынып, артынанайыппұл төлеп босап шыққан еді.  Солкезде бүкіл қоғам Халық әртісін қолдап шыққан еді.

АрыстанбекМҰХАМЕДИҰЛЫМЕН арасы қалай ушығып кеткенін Тұңғышбай Жаманқұлов «TalkLIKE»жобасына берген сұхбатында айтқан еді. Қонақта болған актер өзінің не үшінсотталғанын, Арыстанбекпен не үшін араздасқаны туралы ашып айтқан. Ол уақыттаАрыстанбек Мұхамедиұлы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының ректоры екен.

«Бар болғаны 12 грант. 11 адамның тізімінберді «осыларды өткіз» деп. Мен қарсы шығып, адамгершілікпен адам қабылдайықдегенмін. Сөйтіп, оны тыңдамадым да талапкерлердің өнеріне қарап 2-3-еуінөткізіп жібердім. Сосын маған түн ішінде телефон соғып, айқайға басты. Мен деашуға беріліп, орысша үш әріпке айтып жібердім оны. Енді ер адамның бәріндеболады ғой мұндай жағдай. Кейін бірақ артық кеткенімді түсініп, ертесіне барыпкешірім сұрадым», – деген болатын Тұңғышбай Жаманқұлов.

Мұнанкейін осы оқу орнын бітірген Еңлік Сыдықова есімді бойжеткен ректордың өзінеазғындық көрсеткенін айтып, видеоүндеу арқылы шағым жасаған еді. АртыншаЖаманқұлов Еңліктің сөзін сөйлеп, министрді ашық айыптаған.  

«Осы жағдайдан кейін ол менің әр қадамымдыаңдып, ізіме түсіп алды. Министр менің басымдағы жағдайды өз қолыменен, өзініңлауазымын пайдаланып, Елбасының ықыласын пайдаланып, осы нәрсеге нақақтан нақақбарып, өш алды», ­– деген еді актер.

Солуақытта Халық әртісі сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан арашасұрап видеоүндеу жариялаған еді. Оны үндеуі туралы да: «Меніңүндеуім Елбасына жеткен жоқ. Жетсе де, Арыстан мырзаның үндеуімен жетті депойлаймын.Ол басқаша жағдаймен жеткізіп отырды», – депқынжылған еді.

ТілегіНазарбаевқа жетпесе де, Тоқаевқа жеткен Жаманқұловтың алапасы асты. Лауазымдықызметінен кеткеннен кейін Тұңғышбай Жаманқұловтың қазіргі президенттің алдынакіруіне ешқандай қайран жасай алмаған Мұхамедиұлы не күйде екен?

«Бір күн атқасен мінесің, бір күн мен мінем» деген осы шығар...

Коллаж: zhasalash.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз