Live

Жамбыл облысында тас жолдағы жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Жамбыл облысының Қордай ауданында жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды.

Жол апаты

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Lexus» және «Tank 500» көліктерінің қатысуымен болған апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Қордай ауданында «Lexus» және «Tank 500» автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша, салдарынан алғашқы көліктің жүргізушісі қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, «Lexus» жүргізушісі жол жиегіндегі қоршау арқалығына жанай соғылып, соның салдарынан көлік айналып кетіп, жолдың жүру бөлігінде тоқтаған. Кейін «Tank 500» көлігінің жүргізушісі тежеп үлгермей, тоқтап тұрған «Lexus»-пен соғысқан, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция апаттың нақты себептері тергеу барысында белгілі болатынын мәлімдеді.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз