Әлеумет

Жамбылда 102 қызметінің өкілдеріне 102 автокөлік берілді

Жамбыл облыстық ішкі істер Департаментінің басшысы АрманОразалиев жыл басынан бері сегіз айда жалпы қылмыстардың 12 пайызға төмендеуінеқол жеткізгендерін айтты.

Жамбылда 102 қызметінің өкілдеріне 102 автокөлік берілді

Яғни, өңірімізде былтыр осы мерзімде 6464 қылмысдерегі тіркелсе, биыл 5680-ге дейін қысқарыпты. Нәтижесінде кісі өлтіру, тонау,қарақшылық шабуыл, алаяқтық, бұзақылық, ұрлық, оның ішінде мал ұрлығы және ұялытелефон мен пәтер ұрлығының саны азайыпты.

Тиісінше, облыс орталығында жаяу патрульдер саны артып, бейнебақылаужүйесі кеңейтілуде екен.

Өз сөзінде Арман Оразалиев: «Қолайсыз аудандарда тұрақтыжұмыстар жүргізілуде. Алдын алу шараларының нәтижесінде қоғамдық орындарда жәнекөшелерде жасалатын қылмыстар саны айтарлықтай қысқарды»,- деді.

Есірткі қылмысына қарсы күреске келетін болсақ, сегізайда өңірімізде заңсыз айналымнан екі тоннадан астам түрлі есірткі заттары,алты келіден астам героин және 115 келіден астам гашиш есірткі заттары тәркіленген.Сондай-ақ, синтетикалық есірткінің таралуына байланысты жарнама жасаған 19 сайтанықталған.Полиция департаментінің бастығы сонымен қатар «Жолдағы қабылдау», «Ауладағықабылдау» акциялары шеңберінде азаматтармен кездесулер, мекемелер менкәсіпорындардың ұжымдарымен кездесулер және фронт-кеңселерде жеке қабылдауларжалғасатынын атап өтті.

Өз кезегінде Тараз қаласының тұрғыны Бекболат Сейдахметовесімді ақсақал А.Асқаров көшесі бойында орналасқан орталық базарға жақын жолғабағдаршам орнатуды айтса, «Шалғай Қарасу» ықшам ауданының тұрғыны ӘйгерімЖалабай балалар алаңқайларының маңында жиі кездестіруге болатын қаңғыбаситтерге қатысты шара қолдануды сұрады.

Бұл күні Тараз қаласының орталық алаңында Арман Оразалиевоблыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековпен бірге патрульдікполиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті. жамбылдықполицейлерге құқық бұзушыларды іздеу және құрықтау бойынша заманауижабдықтармен жабдықталған 102 автокөлік табыс етілді. Осы орайда айтакетерлігі, биылғы шілде айында да 131 автокөлік учаскелік инспекторларғаберілген болатын. Ал 2020 жылы әрбір учаскелік полиция инспекторларын қызметтіккөлікпен қамтамасыз ету қарастырылып отыр екен. Бұл ең алдымен облыстың шалғайауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін болады.

Арман Оразалиев патрульдік полиция қызметкерлеріне өзәріптестері А.Есенов пен Қ.Әбсаттаровтан үлгі алу қажеттігін айтты. Аталған екіполиция қызметкері осы жылдың сегіз айында 1,5 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық дерегін анықтаған.

«Кез келген, тіпті қоғамдық тәртіп пен тазалықтың ең ұсаққұқық бұзушылық деректеріне қатысты жаза қарастырылуы керек, себебі, тек осылайнөлдік төзімділік әдісімен біз өз өмірімізді жақсарта аламыз», — дейді Жамбылоблысының бас полицейі.

Фото: 24.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз