Әлеумет

Жамбылда 210 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталған

Жамбыл облысында білім саласын цифрландыруға баса көңіл бөлініп отыр. Мәселен, өткен жылы өңір мектептері 161 робототехника кабинетімен жабдықталған болса, жаңа оқу жылында ол көрсеткіш 49-ға артып, 210 мектепке жеткен.

Жамбылда 210 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталған
Бұл ретте жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашу жоспарланып отыр дейді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова.Басқарма басшысының айтуынша, бұл бағытта оқыту шаралары үйірмелер және таңдау курстары есебінен информатика пәндерінің мұғалімдерімен жүргізілуде екен. Жалпы, облыс мектептерінде барлығы 790 информатика пәнінің мұғалімдері жұмыс істесе, олардың 62 пайызы «Робототехника негіздері», 46,8 пайызы «3D-притинг және бағдарламалау» тақырыптарында біліктілік курстарынан өтіпті. Сонымен қатар, өткен жылы өңірде дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ-лицей-интернаты ашылып, бүгінгі күні 7-9 сыныптарда 160 бала білім алуда. Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласында былтыр 14 ІТ сыныптары ашылса, ағымдағы жылы ол санды 50-ге жеткізу жоспарланып отыр екен. Жалпы, бұл мәселе бойынша облыс әкімі Асқар Мырзахметов те бұл бағытта жұмсалатын бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына көңіл бөліп, сатып алынып жатқан техникалар мен жабдықтардың сапалы әрі заманауи болуына назар аудару керек екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, арнайы курстардан өткен ұстаздардың да білім сапасы шын мәнінде ойдағыдай бола бермейтінін де ескертіп, осы тұрғыда зерделеу шараларын ұйымдастыруды ескерткен болатын. Өз кезегінде өңір басшысы «ІТ-лицей мен сыныптарын және робототехника кабинеттерін пайдалану тәртібі мен ережесін бекітуді де тапсырды.Айта кетейік, бүгінде облыс оқушылары халықаралық, республикалық робототехника бойынша конкурстарға қатысып, жылдан-жылға жақсы жетістіктерге жетуде. Атап өтер болсақ, соңғы екі жылда халықаралық байқауларда 10 оқушы жеңімпаз атанса, өткен жылы республикалық жарыстарда 30, ағымдағы жылдың бес айында 54 оқушы жүлдегер атанған. Сондай-ақ, министрліктің «Ақпараттық талдамалық орталығы» дайындаған «ҚР Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы» ұлттық баяндамада орта білімнің сапасы және басқа да түпкі нәтижелердің индексі бойынша Жамбыл облысы екінші орынды иеленіп қайтты.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз