Әлеумет

Жамбылда 4,4 миллиард теңгеге мед-техникалар сатып алынды

Жамбыл облысындасоңғы 2 жылда 14 мектеп салынып, 4 апатты, 4 үш ауысымды және орын тапшылығы бар 6мектептің мәселесі шешілді.

Жамбылда 4,4 миллиард теңгеге мед-техникалар сатып алынды

Одан бөлек қазіргі таңда 3 апатты мектептің құрылысыжүргізілуде. Сонымен қатар, 2 заманауи үлгідегі колледж ашылып, 663 миллион теңгеге материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Бұл ретте колледж түлектерін жұмыспен қамту мақсатындаүш жақты меморандум жүйесі енгізіліпті. Биылғы оқу жылында сұранысы төменмамандықтарға бөлініп келген 2 мыңға жуық грант қысқартылып, есесіне жұмысшымамандықтар көбейтілген.

Балалардыбалабақшамен қамту үлесі бойынша 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 пайызқамтылса,ал облыс орталығында дарындыбалаларға арналғанIT лицей-интернатжәне «TARAZHUB» IT орталығы ашылды.

Ал денсаулық сақтау саласында бірден бір өзекті  бастапқымәселе – 95 елді мекенде мединицалық нысандардың болмауы болатын. Бұл мәселе өзшешімін тапса, бұған қосымша шалғай аудандардағы медициналық көмектіңсапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында соңғы 2 жылда 568 миллион теңгеге74бірлік санитарлық автокөлік сатыпалынды.

Бұл салада жалпы сомасы  4,4 миллиардтеңгеге 1567 бірлік медициналық техника сатып алынған. Соның ішінде заманауироботталған Locomat қондырғысы бар. Мұндай қондырғы еліміз бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы,Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында ғана бар екенін айта кетейік.

Нәтижесінде медициналық жабдықтармен жабдықтау деңгейі 80 пайыздан асыпты. Өңірде өлім-жітім көрсеткіштері де республикалықорташа көрсеткіштен төмен болып тұр.   

Білім мен денсаулықтан соңспорт жайына да тоқтала кетсек. Облыс бойынша шағын спорт алаңшаларына түгендеужүргізіліп, қажеттілік 266 нысанды құрапты. Оның биыл  134-і салынып, пайдалануға берілген. Жылсоңына дейін тағы 40-ы пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр екен. Қазіргітаңда ол спорт нысандарыының құрылыс жұмыстары аяқталып қалған. Ал қалған 92нысан 2020 жылы салынып, жамбылдықтар бұл мәселені толығымен шешуге күш салыпотыр.

Осылайша, Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев,Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев және тағы басқа спорт саңлақтары шыққанЖамбыл өңірінен олардың ізбасарларын дайындау ісі де басты назарда. Ол бойыншаалда арнайы тоқталатын боламыз.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз